ойын сауық отауы
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт!
13.05.2016 1 706 0 Дауыл

Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт!
Жүруші ең кейбір жерде ойран салып,
Жүруші ең кейбір жерде сайран салып,
Шау тартып қалыпсың - ау қайран шабыт!
Секектеп желетін де сен емес ең,
Тепектеп келетін де сен емес ең,
Ақ бұлт пен қара бұлттың арасында,
Алапат айқұш - ұйқыш төбелес ең!
Сен солай болмағанда елемес ем,
Сені мен найзағайға теңемес ем.
Шау тартып барасың - ау, шарық - құсым,
Тояттап әлде жемге қарықпысың?
Бар, ұшшы!
Босатайын тұғырыңнан,
Шау тартпа!
Шынымен сен шабытпысың!?

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қара шалғы Қара шалғы
Жетелеп сонау жылдар қара шалды, Қарасазда жүруші ең, қара шалғы. Қара шалғы ішінде қарт пен сенің, Талай - талай көріп ем тамашаңды.
Қайран жеңгем Қайран жеңгем
Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың - ау, қайран жеңгем! Қарғаның валетіндей едірейіп, Қасыңа мына біреу қайдан келген?
Қайран бауыр Қайран бауыр
- Мұқаш - ай! Қарасазды сағындым - ау! Сағындым - ау, суымды, тауымды да! - ... Қайран дос, барғанымда осылай деп, Өрт кетіп өзегіне тарындың - ау!
Сен менің Сен менің
Сен мына - жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта меңі, Біреулер көлеңкесін түсірмесін!
Сен маған шарфыңды бер Сен маған шарфыңды бер
Сен маған шарфыңды бер, шарфынды бер, Сыйыңа сый жасаймын, нарқымды көр, Қарызыңды мың есе қайтармасам, Шапалақпен жағымнан тартып жібер.
Кереметі - ай, мына жарық сәуленің Кереметі - ай, мына жарық сәуленің
Кереметі - ай, мына жарық сәуленің! Езу тартып барады, әне, әлдекім, Алатау да жатыр, әне, сәнденіп, Ал мен болсам, бір жаныммен әуремін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×