ойын сауық отауы
Қайырымды қарындас
14.05.2016 2 732 0 Дауыл

Қайырымды қарындас

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Meн бұларды білмейтінмін,
Білмейтінмін тегін де,
Бұйырса бір дастан жазам қарындастар жөнінде
Тіршіліктің бар шипасын барлық жанға егуде
Таныдым ғой, таныдым мен тақалғанды өлімге
Мың сан алғыс қарындасқа мың сан алғыс келін ғо.
Сырқат жанға келеді де, халін сұрап ізетпен,
Инесімен шипа құяр, сәл - пәл ғана тыз еткен.
Аңдып тұрған азуы алты қарыс ажалдан,
Сырқаттанған байғұстарды күні - түні күзеткен.
... Әлдекімнің үні естілді анау шеткі бөлмеден,
Үні естілді, демек тірі... демек тірі... Өлмеген...
Абайсызда бөлмеге енген ажал екен, Қарындас
Өмір - өлім ортасында тұра қалды көлденең.,
Өмір күлді.
Аузынан ажал заһар таратты.
Қайырымды қарындасым, жеңді білем, таң атты
Таң атты да, тамаша Күн қақты - ау дейсің қанатты
Ақ кебіні сүйретілген ажал сорын боратты.
Күн де осылай, түн де осылай,
Қайырымды қарындас,
Игілікті ісінен бір қарыс адым арылмас
Өмір - өлім ортасында арпалысқан сырқатқа,
Қарындастай қайырымды жан бұл өмірден табылмас.
Табылмас - ау...
Табылмас!!!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Есті көрсең кем деме. Асанқайғы Сәбитұлы Есті көрсең кем деме. Асанқайғы Сәбитұлы
Есті көрсең кем деме, Бәрі тұйғын табылмас. Қарындасты жамандап, Өзіңе туған табылмас.
Әй, жігіттер Әй, жігіттер
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз, Азған елдің ішінен. Алыс - алыс қашыңыздар, Зияндасты кісіден.
Мейірімсіз ажал Мейірімсіз ажал
Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты парлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың күшті, ажал - ай!
Тірі адамдар өлмесін Тірі адамдар өлмесін
Өлім, өлім, өлім деп, Неғыламыз күрсініп. Өлген адам көмілмек, Тірі адамға - тіршілік.
Солай Солай
Бұдан бөлек қай жерден ем таба алам Тіптен менің кеткім жоқ емханадан Көре - көре жалыққам мен қаладан, Жүре - жүре шаршағам кең даладан
Жырлар жазам Жырлар жазам
Жырлар жазам, Алайда ол кімге керек?! Жанға шипа іздеймін, тілге дерек. Мәжнүн болып барамын күннен - күнге, Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×