Тура қара көзіме, тура қара
Өлеңдер
Тура қара көзіме, тура қара,
Ашық айтқан сөзімді бұрмалама.
Ақиқаттың алдында бүгежектеп,
Тағасыз байталдайын сырғанама.
Тірі жансың айлаң бар, шалымың бар,
Көрсетші қанша сенің қарымың бар.
Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан,
Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар.
Тура қара көзіме, тура қара,
Арамдығың бұғынып тұр ма, бала?!
Қалжысын жеп қуанып, шілде жасап,
Сені де перзентім деп туды – ау Ана...
Мұқағали Мақатаев
Ашық айтқан сөзімді бұрмалама.
Ақиқаттың алдында бүгежектеп,
Тағасыз байталдайын сырғанама.
Тірі жансың айлаң бар, шалымың бар,
Көрсетші қанша сенің қарымың бар.
Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан,
Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар.
Тура қара көзіме, тура қара,
Арамдығың бұғынып тұр ма, бала?!
Қалжысын жеп қуанып, шілде жасап,
Сені де перзентім деп туды – ау Ана...
Мұқағали Мақатаев
Махаббаттың жазылмаған заңы
Жол бұралаң, сезім тура, oй тура, Жол түскен соң болмас кейін қайтуға. Сүйген адам сезімі үшін бақытты, Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Патша құдай, сыйындым
Патша құдай, сыйындым Тура баста өзіңе. Жау жағадан алғанда, Жан көрінбес көзіме.
Қара шалғы
Жетелеп сонау жылдар қара шалды, Қарасазда жүруші ең, қара шалғы. Қара шалғы ішінде қарт пен сенің, Талай - талай көріп ем тамашаңды.
Қап - қара, ғажап, сиқырлы
Қап - қара, ғажап, сиқырлы Қашпаңдар қара бояудан! Қандырып уыз - ұйқымды, Қап - қара түннен оянғам.
Күрсінбеші
Тағдырыма тура келген серігім, Мен бейбаққа сыйлады екен сені кім?! Шар басымда, шаңырағым, сен тұрсың. Басқалардың барлығынан жерідім.
Өнер - білім қайтсе табылар
Ер жігіт өнер табар ерте қуса, Ерініп шаршамастай, белін буса, ЬІртың - жыртың, жоқ - барға көңіл бермей, Періште боп анадан қайта туса!