ойын сауық отауы
Қара қамба
14.05.2016 1 654 0 Дауыл

Қара қамба

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Әлі менің есімде қара қамба,
Қарның тойып қалатын қарағанда.
Жеткізе алмай тұрса да әр адамға,
Әбіужауһан болатын балаларға.
Шұрқырасып сабақтан тарағанда,
Ішімізді аш тазы жалағанда,
Өкпемізді қолға алып жетуші едік,
Ашық тұрса аңқайып қара қамба.
Жаңа келген мүгедек қамбашы аға,
Бастығынан жарлықты алмаса да,
Қалтамызды арпаға толтыратын,
Қабымызға шелектеп салмаса да.
Қарып тұрған қаңтардың суығында,
Тоюшы едік қайнақ су, қуырымға,
Қосымыз түзелгендей көрінетін,
Қисайып пәс - пәс қалған жығылуға.
Қарық қылмай тұрса да қара нанға,
Қара қамба құт еді балаларға.
Әкеміз тірілгендей қуанушы ек,
Аузы ашылып тұрса өгер қара қамба.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Күзде Күзде
Қайтқан құсты көрдің бе, Қаптай ұшқан әуелеп. Күткен күзім, келдің бе? Сыңсып бағың мәуелеп.
Әйелдер - ай Әйелдер - ай
Әйелдер - ай! Әйелдер! Қандайсың?! Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың. Біреу жеріп тұрса - дағы қалмайсың, Біреу сүйіп тұрса - дағы бармайсың.
Қара шалғы Қара шалғы
Жетелеп сонау жылдар қара шалды, Қарасазда жүруші ең, қара шалғы. Қара шалғы ішінде қарт пен сенің, Талай - талай көріп ем тамашаңды.
Қап - қара, ғажап, сиқырлы Қап - қара, ғажап, сиқырлы
Қап - қара, ғажап, сиқырлы Қашпаңдар қара бояудан! Қандырып уыз - ұйқымды, Қап - қара түннен оянғам.
Жалаң аяқ қыз Жалаң аяқ қыз
Төпеп тұрған нөсерге қарамай - ақ, Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген
Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген, (Сонау бір соғыс жылы естіген ем) Әредік, елдеқалай есіме алсам, Қос басы, қою қара кешті көрем.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×