ойын сауық отауы
Ұлыма
15.05.2016 9 332 0 Дауыл

Ұлыма

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Жүре - жүре мен өмірге қанықтым,
Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым.
Қызбалақтық күндерімді ұзатын,
Енді, міне, әке боп та қалыппын.
Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!
Ұғып ал да, сақ болып өс, айтайын,
Өмір жолын әкең былай бастаған.
Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім,
Ал анамның ақылына көнбедім.
Тіпті, кеше оқушылық кезде де,
Тізгінімді ешбір жанға бермедім.
Өмірімде бір иілген емеспін,
Менмендігі менен өткен жоқ ешкім.
Боламын деп «жалын жүрек, от кеуде»
Бола алмай, қуыс кеуде боп өстім.
Енді, міне, ұлым маған қарайды,
Өткір көзін өңменіме қадайды.
Көп қателік жіберіппін амал не?
Кешір, ұлым, мойындадым, жарайды!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі
Саған сенім артады Әкең де, Анаң, Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң», Сондықтан күні ертеңгі мерекемен, Сені де құттықтайды ертең Анаң.
Өмір сүрейік алмасып Өмір сүрейік алмасып
Жапырақ - жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын. Сен адам бола бастасаң Мен қайың, бола бастайын.
Соқ, жүрек, солқылда, ми Соқ, жүрек, солқылда, ми
Соқ, жүрек, солқылда, ми, Тасы, қаным! Өмірге айтылған жоқ ғашық әнім, О, Муза! Бір өзіңе бас ұрамын, Тездеп жет
Лашынға Лашынға
Бүгін де, кеше де, өткенде Іздесең қателік көп менде. Қауғадай басыма барлығы Сірә да соқпай бір өткен бе...
Көреміз Көреміз
Тірі жүрсек, біз көреміз талайды, Жаңа жылды, жаңа күнді, жаңа айды. Ұзағырақ өмір болса, жарайды, Түн де келер, таң да атар арайлы.
Кел, болашақ Кел, болашақ
Көп құмарттым өмірге, көп көрмедім, Үміт еттім ұмтылдым, көп терледім. Ашкөзденіп қайтейін, ей, Болашақ, Көрмеген күндерімді өткер менің.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×