ойын сауық отауы
Көреміз
09.05.2016 3 631 0 Дауыл

Көреміз

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Тірі жүрсек, біз көреміз талайды,
Жаңа жылды, жаңа күнді, жаңа айды.
Ұзағырақ өмір болса, жарайды,
Түн де келер, таң да атар арайлы.
Біз көреміз керемет бір шақтарды,
Мың куарып, мың гүлденген бақтарды.
Ақыр түбі ақылдылар үйретер,.
Арамтамақ, азғын, ақымақтарды.
Айла өліп, сезім менен сана шат,
Жауыздық та жатпас, сірә, жара caп,
Адамзатты мәңгі бақи әлдилер,
Ақыр түбі ақыл менен парасат!
Ақиқаттың жаңа жылы туғанда,
Ада болар арамзалар, қулар да.
Жаннат болып жатыр менің жан - өлкем,
Жаманшылық жолай қоймас бұл маңға.
Жаннат болып жатыр менің жан - өлкем!
Аққу болып жүрер менің ақ еркем.
... Қыр басынан қызыл жаулық желпірмін,
Таңмен тұрып, күнмен шығып таңертең...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Туған өлкем Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Ұлыма Ұлыма
Жүре - жүре мен өмірге қанықтым, Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым. Қызбалақтық күндерімді ұзатын, Енді, міне, әке боп та қалыппын.
Сарыжайлау Сарыжайлау
Жазира, жасыл кілем өрнектеген, Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем, Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Менің ғасырым Менің ғасырым
Кірпікке кір жуытпай, құндақтаған. Мына өмір, мына дәуір қымбат маған. Бұл ғасыр, сірә, менің жүрегім - ау, Тынысын қыбыр етпей тыңдап бағам.
Бұлқынып жатыр Бұлқынып жатыр
Бұлқынып жатыр. Келмейді - ау құрғыр шамасы, Бұлқынып жатыр. Таусылды - ау айла - шарасы. Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай, Бостандық берші,
Ақиқаттың ауылы Ақиқаттың ауылы
Жол қайда ақиқатқа апаратын? Ел қайда ақиқат деп аталатын? Айлакер, арамзалар, алаяқтар, Аяғы көктен келіп, маталатын?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×