ойын сауық отауы
Өлең керек
16.05.2016 3 093 0 Дауыл

Өлең керек

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Есіңде ме, түндерің көз ілмеген?
Кезуде ойың өмірді, кезуде өлең.
Арғы атасы адамның - сезім болса,
Адам емес, сезімді сезінбеген.
Арғы атасы ақынның жырдан туған,
Жыр жолында жанын да қылған құрбан.
Жырлар тұнған хандардың сарайында,
Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған.
Ұзатылып жат жұртқа барғанында,
Жыр айтылған қыздардың жар - жарында.
Жырлап, жылап, жыраулар жан тапсырған,
Жыр мен күйі күйзеліп бармағында.
Көкейкесті жырлар жаз жез киіктей,
Мақтау, даттау, жәдігөй сөзді күтпей.
Өлең, керек ұрпаққа, өзің мейлі,
Көлеңкеде қалсаң қал, көзге ілікпей!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өлең деген тумайды жайшылықта Өлең деген тумайды жайшылықта
Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылыңта. Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан, Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Шаршадым білем Шаршадым білем
Шаршадым білем, Жантая кеткім келеді. Миыңды жеген, құрысын бүйткен өлеңі! Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой, Аузымнан түссе адыра қала береді.
Төлегенге Төлегенге
Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның, Қызарып батты ертеңгі шығатын күн. Торғай - өлең шырылдап бара жатты Аузында ажал дейтін сұрапылдың.
Мен - дағы өлең жазбаймын Мен - дағы өлең жазбаймын
Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін, Ермек үшін, немесе өлмеу үшін. Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын, Жаралы жүректерді емдеу үшін.
Жырлар жазам Жырлар жазам
Жырлар жазам, Алайда ол кімге керек?! Жанға шипа іздеймін, тілге дерек. Мәжнүн болып барамын күннен - күнге, Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай
Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай, Жыр жаза алмай жүрмін мен Расулдай. Расулдай... Бағым да жүр ашылмай, Құсбегінің қолындағы лашындай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×