ойын сауық отауы
Төлегенге
13.05.2016 3 821 0 Дауыл

Төлегенге

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Төлегенге
I
Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.
Торғай - өлең шырылдап бара жатты
Аузында ажал дейтін сұрапылдың.
Торғай - өлең өлмеді, аман қалды
Әкетті ажал...
Жыр емес, адамды алды.
Бір өмірдің дастаны басталды да,
Шорт үзілді,
Шоп - шолақ тамамдалды.
Қаралы лек.
Бозғыл шаң шұбатылды.
Бара жатыр жерлеуге шын ақынды.
Маржан - жырдың мөп - мөлдір бір түйірі
Құмға түсіп кетті де, уатылды.
Тұңғыш көрдім қайтқанын шын ақынның,
Қаталы - ай жыл дейтін сұрапылдың!
Сұңқар - төсі томпиып қарсы қарап,
Қаршығадай қылшылдап тұратын кім?!
Енді жоқ азаматым, аймаңдайым,
Жоқ болды құмға сіңген айрандайын.
Асығыс, ылғи жортып жүруші еді,
Бетпақтан су іздеген жайрандайын...
II
Бармаңдар ақынды жұрт жерлегенде,
Көрмеңдер көрдің аузы жабылғанын.
Көтеріп сендер оны келмегенде,
Көмусіз қалмайды ғой бауырларым!
Көмбеңдер!
Топырақты тастамаңдар!
Жабыла толтырыңдар кұмды ұдаиы.
Ақынды көмсін білмес басқа жандар,
Басына бармаңдар да, құрбылары!
Ет жүректің езілмес кезі ме бұл...
Жылай білсең, шын жыла!
Жасыма тек,
Кезек күтіп тұрғандай сезіне біл,
Алдыңдағы апанның басына кеп.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Торғай Торғай
Торғай, торғай, тоңдың ба? Тұра алмайсың орныңда. Бір қонасың, бір ұшып, Дірілдейсің бүрісіп.
Түсімде Түсімде
Басында жаназаның қызғыш көрдім, Сырты — қой, іші — қасқыр бұзғыш көрдім. Жұрт көзінше сүзіліп, түсін бұзып, Тәсбиқ деп кез жарым тас тізгіш көрдім.
Қасымды қабылдамаған адам хақында Қасымды қабылдамаған адам хақында
Кез болатын наурыз айы сән құрған, Дала жатты есі шығып жаңбырдан. Сол далада... жол үстінде бұралаң Жасы алпыстың әуізіне құлаған Машинаға қол
Өлең керек Өлең керек
Сая болып жаныңа емен, терек, Жетер енді жатқаның көлеңкелеп. Өгейсінбей өзі боп қалу үшін, Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Білгішіме Білгішіме
Тағы да, тағы, тағы да, Тағы да сына, білгішім. Кіріп ап менің жаныма, Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Ақынды ақын оятпаса, болмайды Ақынды ақын оятпаса, болмайды
Ақынды ақын оятпаса, болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы. Ақынды ақын сүйемесе, болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×