ойын сауық отауы
Антпенен тарқайды
02.04.2016 1 938 0 Дауыл

Антпенен тарқайды

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске.
Ор қазып байқайды
Туа жау емеске.

Анттасып алқайды
Сен тентек демеске.
Кім анттан шалқайды
Амал жоқ жемеске.

Аз адам шаршайды,
Ебіне көнбеске.
Бас ыңғай қайқайды,
Амал жоқ өлмеске.

Ел састы, аңқайды,
Би тартты егеске.
Жұрттағы мал жайды
Ой қылар бермеске.

Өсімге қол жайды,
Тай алып серкешке.
Алмаса ол тайды,
Дап - дайын көрмеске.

Кедей би жантайды
Сауыр мен өркешке.
Саумаққа ол байды,
Кеңесер би кешке.

Қайғы қып болмайды,
Өкпелеп білмеске.
Сүйтсе де оңбайды,
Бұрынғы түсті еске.

Пысықтар шалқайды,
Таласып теңдеске.
Қағысып шонтайды
Өзімен жемдеске.

Таласып тарқайды
Ақшадан төрт - беске.
Бірлікті шайқайды,
Араз боп өнбеске.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Асау той, тентек жиын, опыр - топыр Асау той, тентек жиын, опыр - топыр
Асау той, тентек жиын, опыр - топыр, Ішінде түсі суық бір жан отыр. Алысты тұманданған ол ойлайды, Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр.
Тоты құс түсті көбелек Тоты құс түсті көбелек
Тоты құс түсті көбелек Жаз сайларда гулемек. Бәйшешек солмақ, күйремек, Көбелек өлмек, сиремек.
Жүректе қайрат болмаса Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек.
Жалын мен оттан жаралып Жалын мен оттан жаралып
Жалын мен оттан жаралып, Жарқылдап Рағит жайды айдар. Жаңбыры жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайнар.
Ем таба алмай Ем таба алмай
Ем таба алмай, От жалындай, Толды қайғы кеудеге. Сырласа алмай, Сөз аша алмай Пендеге.
Патша құдай, сыйындым Патша құдай, сыйындым
Патша құдай, сыйындым Тура баста өзіңе. Жау жағадан алғанда, Жан көрінбес көзіме.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×