ойын сауық отауы
63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың жемісісіз
21.04.2021 998 0 Admin

63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың жемісісіз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың жемісісіз
«Ойы жақсының өзі жақсы» демекші, ойды өзгерттім деген өмірімді өзгертуге керекті ең мықты құралды қолға түсірдім деген сөз. Барлық істелетін жақсылық та, жамандық та ойдан басталатыны бұған дейін де талай айтылды. Сенің бүкіл мәселең сенің басында ғана деп батыстың тренерлері айтқандай, шынымен де адам баласының көпшілік мәселесі оның миында. Оған тек жаңаша көзқараспен қарай білу қажет.
Егер ойыңыздың жақсы емес екенін байқасаңыз, оны дереу өзгерту қажет. Ойды ертең немесе арғы күні өзгертуге болмайды. Ойды бүгін өзгерту қажет. Мысалы, сіз миллионер болғыңыз келді дейік. Онда бірінші қадам сол миллонерше қадам жасау. Алдымен миллионерше ойлау. Солар секілді алдыңызға мақсат қойып, бизнес жоспар құрып, солар секілді бизнеске қажетті заманауи білімдерді игеріп, солар секілді киініп, солар секілді сөйлей біліңіз.
Сонда өзгеретініңіз анық. Осыған байланысты «Миллионер за минуту» деген Роберт Г. Алленнің кітабын оқып шығуға кеңес береміз.
Қандай да бір жетістікке жеткіңіз келсе, сол жетістікке жеткен адамдарша ойлай білгеннің пайдасы зор деп білеміз. Тек шамадан тыс ауытқып кетпесеңіз болғаны. Ойды бір күнде өзгертуге болады. Ниетіңіз болса болғаны. Ал өмірді өзгерту осы ойдан бастау алатыны белгілі.
Ойды өзгертудің бірнеше жолы бар. Олар кітап оқу, ойды өзгертетін тренингтерге бару, бастысы өзіңіздің өміріңізге 100% жауапкершілік алу. Сонда пайдасыз ой - кеселдерден арылып тек жақсы ойлау режиміне түсесіз. Жақсы ойлау жақсы өмірдің бастауы екенін естен шығармаңыз
Кез - келген нәрсе екі жерде пайда болады. Алдымен ойда, одан кейін өмірде.
Альберт Эйнштейн

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз 64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз
Жетістікке жеткіңіз келсе өз өміріңізге өзіңіз 100% жауапкершілік ала біліңіз. Жауапкершілік сізге қалай жұмыс атқару керек екенін анықтап береді.
61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету 61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету
Бір жас бала таудың етегінде отырған ақсақалдан: «Өмірдің мәні неде?» - деп сұрайды, ал ақсақал: «Өмірдің мәнін Googlе - ден сұрап көрсей», - деп тіл
59 - қадам: проактивті сөйлеу 59 - қадам: проактивті сөйлеу
Жетістікке жететін адамдардың басты қасиетінің бірі проактивті сөйлеуінде. Себебі олар қандай іске жолықса да мүмкіндікті қарастырады.
54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз және көмектесе біліңіз 54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі
Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тәжірибелі адамдар баршылық.
Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Адам болып өту парызымыз! Адам болып өту парызымыз!
Сезініп тұрып бір ойдың барын санамда, Сана – сезімім шарықтасыншы ғаламда. Ауасы тұман, ал суы сұрғылт ластанып жүр ғой табиғат, Солар секілді
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×