ойын сауық отауы
59 - қадам: проактивті сөйлеу
11.03.2021 850 0 Admin

59 - қадам: проактивті сөйлеу

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
59 - қадам: проактивті сөйлеу
Жетістікке жететін адамдардың басты қасиетінің бірі проактивті сөйлеуінде. Себебі олар қандай іске жолықса да мүмкіндікті қарастырады. Проактивті адамдар әрдайым өзіне сенімді, сенімді болмаған күннің өзінде де сөйлеу сөзін нық сенімді қып сөйлей біледі. Осының арқасында олар жеңіске жету мүмкіншілігі реактивті сөйлейтін адамдардан қарағанда жоғары болмақ.
Сіздің әрбір сөйлеген сөзіңіз ол сізге әсер етеді. Егер сіз «мен жалқаумын, менде білім жоқ, менің тәжірибем жоқ, менің қолымнан еш нәрсе келмейді» деп айтсаңыз, шынымен де сіздің айтқан сөздеріңіз орындалады.
Бірде Генри Форд айтыпты: «Егер сіз «менің қолымнан келеді» деп айтсаңыз мен сізге сенемін. Егер сіз «менің қолымнан келмейді» деп айтсаңыз бұл жолы да сізбен келісемін. тсіздің қолыңыздан келмейді» деп айтқан екен.
Адам қалай сөйлесе ол сол сөйлеген жағына қарай өзгереді. Проактивті сөйлеу үшін алдымен ойды өзгерту керек. Адам ойын бір күнде өзгерте алады, егер ниеті болса. Ойыңызды өзгерте білсеңіз, сөзіңіз өзгереді. Сөз өзгерсе ісіңіз, ісіңіз әдетке, әдетіңіз мінез - құлыққа, ал мінез - құлқыңыз өміріңізді анықтайды.
Барлық нәрсе ой арқылы сөзден басталатыны анық. Бәрі бір - бірімен тығыз байланысты. Ойдан бірден әдетке аттап кете алмайсыз. Алдымен сөзге, іске одан кейін әдетке жетесіз. Проактивті сөйлеуге де дайындық жасасаңыз болады.
Егер сіз өзіңізді жалқаумен деп есептесеңіз, онда бір парақ алып, бір мың рет «мен еңбекқормын» деп жазыңыз және айтыңыз. Осылай бір апта қайталасаңыз, сіздің ойыңыз өзгеріп, сөзіңіз де, ісіңіз де дұрыстала бастайды. Себебі сіз миыңызға «мен еңбекқормын» деп жеті мың рет айтыңыз. Ми әрбір айқан сөзіңізді өзіне сіңіре біледі.
Мида жүз миллирдтан астам нейрон бар. Сол әрбір нейронға сөзіңізді сіңіре білсеңіз болғаны. Ол сізге айтқаныңыз бойынша жұмыс істейді. Сол үшін де өзіңіздің санаңызға зиян тигізетін сөздерді ешқашан айтпаңыз. Тек проактивті сөйлеңіз. Сонда өзіңіздің өміріңіз өзгереді. Айналаңызға да оптимист адам ретінде көрінесіз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік
Мүмкіндік туса – оны әжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан - аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел.
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі.
Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық
Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Конфуций
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Қазіргі күні біздің сөйлеу мәнеріміз қандай? Қазіргі күні біздің сөйлеу мәнеріміз қандай?
Сөз – ақыл дәрежесінің көрсеткіші. Сөзді – адам ойының аудармасы деуге болады. Қазіргі күні біздің сөйлеу мәнеріміз қандай?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×