ойын сауық отауы
Өмірлік мәні бар кеңестер
22.09.2021 881 0 Admin

Өмірлік мәні бар кеңестер

Пайдалы кеңестер
Білгенге – маржан
Өмірлік мәні бар кеңестер
1. Бәріне бірдей алғыс білдіріңіз. Жақсылыққа да, жамандыққа да, сұмдыққа да. Өйткені өмірдің өзі сізге баға жетпес сыйлық екенін естен шығармаңыз. Ал ләззат пен ауыртпашылық сол өмір жолындағы кедергілер.
2. Түсінігіңізді өзгертіңіз, сонда сіздің өміріңіз де өзгереді. Қорқыныш, ашу, реніш секілді кездерде оқиғаға басқа бұрыштан қараңыз.
3. Әр жеңісіңізді тойлаңыз. Тіпті кішкентай белесті бағындырсаңыз да елеусіз қалдырмаңыз.
4. Алға қойған армандарыңыз бен мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін айналаңызға мұқият мән беріңіз. Өйткені өмір өте қызық нәрсе. Жүре берсеңіз, көре бересіз. Ең бастысы ерінбей еңбек ете білу керек.
5. Әр адам біздің өмірімізге белгілі бір оймен келеді. Ал ол келген оймен біз келісеміз бе, келіспейміз бе өзіміз білеміз. Оның біздің өміріміздегі рөліне байланысты шешім қабылдаймыз.
6. Өз - өзіңізге сеніңіз. Қандай ауыр күндер келсе де, жеңіп шығатыныңызға сенімді болыңыз. Бәрі де ойдағыдай болады.
7. Барлығын бірден жүрекке жақын қабылдамаңыз. Бәз біреулердің іс - әрекеттері өздерінің өмірінен хабар береді. Сондықтан оның сізге ешқандай қатысы жоқ.
8. Табиғат дертіңізге дауа болады. Таза ауада серуендеу немесе әдемі пейзаждардың көрінісі басыңыздағы артық ойлардың бәрінен арылуға көмектеседі және көңіл - күйіңізді көтереді.
9. Біреуге ренжулі адам сізді де ренжітуі мүмкін. Бірақ бәрібір оны жақсы көріңіз.
10. Сауығу үшін оны сезіну керек. Өзіңіздің қорқынышыңыз бен осал тұстарыңызды жасырмаңыз. Шындықтың көзіне тура қарау өте қиын. Бірақ оның сізге пайдасы мол.
11. Әрдайым дұрыс жолмен жүре берсеңіз де жалығып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан жіберген қателіктеріңізді еске түсіріп, еңсеңізді түсірмеңіз. Басыңыз аман болса, бәрі де жақсы болады.
12. Айналаңыздың бәрін айна деп елестетіңіз. Сіз біреуді жақсы көресіз, демек, өзіңізді де жақсы көресіз. Егер біреу сізді ренжітсе, онда сіз өз - өзіңізге дұрыстап қарауыңыз керек.
13. Өзгенің көңіліне қарап, бақытты қылу оңай нәрсе емес. Бұл өмірде тәуекелге баруыңыз керек. Іштей ұнатпай, бірақ жақсы көретін адамның кейпінде жүру - барып тұрған ақымақтық.
14. Кешірімді болыңыз. Бұл ең бірінші сізді ренжіткен адамға емес, өзіңізге керек. Кешіру арқылы сіздің жаныңыз тынышталады және бекерге басыңызды қатырып, алаңдамайсыз. Сондықтан тез әрі оңай кешіріп үйреніңіз.
15. Біздің бәріміздің де ішкі түйсігіміз керемет жұмыс істейді. Егер тоқтап қалып, оны тыңдасаңыз, өзіңіздің ішкі ақылыңыздың дауысын ести аласыз. Жүрегіңіздің тыныш сыбдырын тыңдай біліңіз. Ол бақытқа апаратын жолды көрсетеді.
16. Жаныңыз жаңғырып жатса да шынайы өмір сүріңіз. Жер бетінде мүлдем сіздей жан жоқ. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін адал, ақкөңіл адам болыңыз.
17. Адамнан айла асыру мүмкін емес. Осыны ескеріңіз.
18. Мен айналама нұр шашамын. Сіз айналаңызға нұр шашасыз. Біз айналамызға нұр шашамыз. Ал кейбіреулер өз жарығына өздері көлеңке түсіреді. Сіз керісінше басқаларға сәуле шашып, оларға жарық жолды көрсетіңіз.
19. Өмірді байсалдылықпен қабылдамаңыз. Бәрібір ешкім тірі кетпейді. Күлімдеңіз. Әр уақытты тиімді әрі ұтымды пайдаланыңыз. Сауық құрыңыз. Көңіл көтеріңіз.
20. Сізді шынымен жақсы көретін және қандай кезде де қасыңыздан табылатын адамдармен дос болыңыз. Ол адамдарға өзіңіз де қолдау көрсетіңіз. Себебі өмір өте қысқа. Ертең - ақ өтеді де кетеді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

38 - қадам: әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз 38 - қадам: әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз
Бақытты өмірдің құпиясы өте қарапайым: екі аз тамақтану, екі есе көп серуендеу, үш есе көп күлу, әрқашан сүйікті болу! Айналаңызға әрдайым сәуле
Бақытты адам болғың келсе... Бақытты адам болғың келсе...
Бақытты адам болғың келсе, өткенді қопара берме. Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды. Әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде
Туылған күнге тілектер Туылған күнге тілектер
Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің өміріңіз мәнді де сәнді болсын деп тілеймін.
Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі
Кейде сіздің намысыңызға тиетіндей жағдай туған сәтте үндемей қалу мүмкін емес. Тіпті, сіздің ойыңызды тыңдағысы да келмейтіндей сыңай танытқанда
Жақсы өмір сүргісі келетін жандардың назарына Жақсы өмір сүргісі келетін жандардың назарына
1. Мүлдем кері кеткен істерді де байқап көр. 2. 20 минутқа ерте тұрыңыз. 3. Барлық кештерге және жиналыстарға 10 минутқа ерте барыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×