ойын сауық отауы
41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз
10.10.2021 499 0 Admin

41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Олар имандылық пен жар таңдаудан. Шынымен де солай. Осы екеуін жақсы таңдай білген адамның өмірі жақсы арнаға бұрылуы айдан анық. Пайғамбарымыздың хадисінде де келеді. Жақсы иманды әйел байлықтың екіден біріне тең деп.
Шынымен де, өмірлік жарыңыздың сіздің өміріңізде алатын орны ерекше. Жақсы өмірлік жар алғыңыз келсе, алдымен өзіңіз сондай жарға сай бола біліңіз. Шынымен де, өзің қандай болсаң, өмірлік жарыңы да сондай болатыны белгілі. Бірақ кейбір отбасыларға қарап, бұл сөзге ойланып қаласың кейде. Айталық, бір отбасының күйеу еңбекқор, мейірімді, табысты жақсы табады. Бірақ әйеліне келетін болсақ, мейірім аздау, жалқаулау, ақшаны бей - берекетсіз жаратуға құмар келеді. Бұндай отбасыларға қарап, жаның да ашиды. Бір жағынан табиғатта тепе - теңдік өстіп сақтала ма деп ойланып қаласың.
Осыған қатысты мынадай бір сөз бар: «Минус пен минус қосылса – өшеді, плюс пен плюс қосылса – күйеді. Дұрысы – плюс пен минус қосылса, сонда өмір жалғасады». Бір жағынан қарағанда, дұрыс та секілді. Енді басқа жағынан қарасаң, барып тұрған әділетсіздік. Бұ да адамның өзіне көп жағынан байланысты. «Бап шаба ма, әлде бақ шаба ма».
Бағамдасақ, екеуі де шабады. Өзіңіз таза ниетіңіз түзу болса, бағыңыз да шабар. Ал егер өзіңіз білімді болып, адам тани білсеңіз, бабыңыз шабатыны айдан анық. Сіздің бабыңызды да, бағыңызды да пайдалану өз қолыңызда.
Өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз. Бастысы – өзіңіз таза, ниетіңіз түзу болса және адам тани білсеңіз, өміріңіздегі өзіңіз ойлағандай жар алуға мүмкіндігіңіз көп болмақ. Жақсы жар алсаңыз, алдыңызға қойған мақсатыңызға жетуге ең сенімді жол, серік тапқан боласыз.
Тәртіптілік – тұрмыстың жартысына, достасу – ақылдың жартысына, уайымшылдық – кәріліктің жартысына тең; өнерлі, ақылды әйел – байлықтың екіден біріне тең..
  • ©Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с.)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың жемісісіз 63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың
«Ойы жақсының өзі жақсы» демекші, ойды өзгерттім деген өмірімді өзгертуге керекті ең мықты құралды қолға түсірдім деген сөз. Барлық істелетін
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Өмірлік ұстаным Өмірлік ұстаным
Менің өмірлік қағидам өте қарапайым: мен өзгенікіне қол сұқпаймын, достарымды сатпаймын, ұнатпайтын адамдармен достасқаннан гөрі жалғыз қалғанды жөн
Адамның 9 түрі болады екен. Тани біліңіз! Адамның 9 түрі болады екен. Тани біліңіз!
Әр адамның мінез-құлқы мен темпераменті әртүрлі. Бірақ өмірлік қағидалары мен әдеттері сол адамдарды қандай да бір топқа жіктеуге мүмкіндік береді.
Үйге байлық пен береке әкелетін хош иістер Үйге байлық пен береке әкелетін хош иістер
Бергамот – өмірлік қуатын келтіреді; Лимон – жаңа жағдайларға болысуға бейімделеді;
Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла
Шынайы махаббаттың басты белгісі – құлай сүйген адамыңа ешқашанда жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез, жай сезімдерден айырмашылығы да сонда.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×