ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт
17.10.2021 815 0 Admin

Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт

Пайдалы кеңестер
Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт
«Ғасырға (уақиғаларға толы заманға, әсіресе, ақырғы бөлігіне) серт! Шынында, адам баласы (уақытын пайдалану тұрғысынан) зиян ішінде».
«Аср» сүресі, 1 - 2 аяттар
Бүгінгі мұсылмандар көбін уақыт мәселесіне салғырт қарайтындығын көруге болады. Алайда алғашқы мұсылмандар дініміздің негізгі қайнар көздерінде келген уақыттың маңыздылығын көрсететін мәліметтерді толықтай ұғынғандықтан, уақыт мәселесіне асқан жауапкершілікпен қараған. Ислам әлемінің алғашқы тарихшыларының бірі Табаридің «Тарихул умәм уәл - мулук» атты танымал кітабында «Әл - Қаулу физ - заман мә \ууә» (Уақыттың не екендігіне түсініктеме) тақырыбында сексен беттік бір бөлім арналып, уақытқа қатысты зерттеуле жүргізілгені назар аудартайтын жайт.
Құран Кәрімде уақыт мәселесіне назарымызды аудару үшін уақытты түсіндіретін әрі еске салатын жайттар алғашқы беттерінен соңғы беттеріне дейін жиі кездеседі, арасында әртүрлі уақытқа серт етілген аяттарды да көруге болады. Осы тақырыптағы аяттар мен хадистерді қатар қарастырғанда мына мәселеге көз жеткізе аламыз:
Дініміздің негізгі екі қайнар көзі жылдық, айлық, апталық, тіпті күндік өмірімізді жоспарлауға байланысты көптеген егжей - тегжейлі жайттарды шебер баяндауда. Күніне оқылуы бұйырылған бес уақыт намаздың өзі уақытымызды жоспарлауды мақсат тұтуда. Олай болса, діннің әмірлерінің көбі адам баласына уақытын барынша тиімді пайдалануды үйретуде, тіпті негізгі мақсаты да сол деуге болатындай.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құранда аталған уақыт түрлері Құранда аталған уақыт түрлері
Құранда ең көп «күн» сөзі кездеседі және уақыт ұғымынан пәк болған Алла Тағаланың құзырында да «күннің» бар екендігі айтылып өтіледі: «Раббыларыңның
Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы
Намаз арқылы түн мен күндіз сырлы тәртіпке орнығады. Өмір ғибадатқа негізделген уақыт түсінігіне сәйкес реттеледі.
Мүбәрак күндер мен түндер Мүбәрак күндер мен түндер
Ислам күнтізбесі бойынша алғашқы ай – мухаррам айы. Жаңа жыл осы аймен басталады. Мухаррам айы – Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі.
Білгенге – маржан: Уақыттың он екі құпиясы Білгенге – маржан: Уақыттың он екі құпиясы
«Уақыт» жайлы сөз қозғаған ойшыл да, дана да көп. Уақыт, махаббат пен байлық сан ғасырлардың басты тақырыбы болып та келді. Қала да береді.
Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу
Алайда сіздің өміріңізге ешбір әсері болмаған әрі сіздің де оған әсер етуіңіз мүмкін емес жайттар жайында уайымдаудың, тіпті білудің не қажеті бар?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×