ойын сауық отауы
45 - қадам: өткенге ешқашан өкінбеңіз. тек сабақ алыңыз
31.10.2021 726 0 Admin

45 - қадам: өткенге ешқашан өкінбеңіз. тек сабақ алыңыз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
45 - қадам: өткенге ешқашан өкінбеңіз. тек сабақ алыңыз
Өкініш – адамға ешбір пайдасы жоқ, тек зиянын тигізетін адам бойындағы жағымсыз ой. Пенде болғаннан кейін қателік жасамай тұрмаймыз. Қателесеміз, бір іске ұрынамыз, түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ қайта ойлап өзімізге еш пайдасын тигізе ала алмаймыз. Өкініш адамды күйзеліске әкеледі. Өткенге өкінішпен емес, қуанышпен қарай біліңіз. Өткенге өкіну адамды күйзеліске апарады және болашаққа сенімділікті төмендетеді.
Өкініш – денсаулықтың бұзылуына, өзіңізге сенімсіздік туғызуы мүмкін. Дұрысы: болған істі ойлап күйзелгенше одан сабақ алып, ендігәрі қайталанбауға және сол істі түзетуге күш салыңыз. Сонда ғана алға жүресіз. Бірде бір ғұлама адамдарды үшке бөліпті. Олар: ұлы адамдар, ақылды адамдар және ақымақ адамдар
Ұлы адамдар басқа біреулердің қателіктерін көріп тұрып, оны қайталамауға тырысады. Ақылды адамдар өздері жасаған қателіктерді қайталамауға тырысады. Ақымақ адамдар басқа біреудің қателігін көрсе де, одан сабақ алмайтын, өзі жіберген қателіктерді біле тұрып, тағы да қателік жасайтын адамдар деген екен. Біз түбегейлі ұлы адамдар қатарынан болмасақ та, айналамыздағы адамдардың жасаған қателіктерін қайталамауға және өзіміздің жасаған қателігімізден сабақ алуға тырыса білуіміз керек. Сонда өмірде өкінішіміз аз, қуанышымыз көп болмақ.
Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.
  • Стивен Кинг
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз және көмектесе біліңіз 54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі
Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тәжірибелі адамдар баршылық.
Өткен қателіктерден сабақ алу Өткен қателіктерден сабақ алу
Ғапылдыққа салынып, пайдасыз істермен айналысып, асыл уақытымызды босқа шығындап қойып, сан соғып, бармақ тістеген кездер қайсымыздың болса да
Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық
Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Конфуций
Ақылды мен ақымақтың арасы Ақылды мен ақымақтың арасы
«Өзінің ақымақтығын білген адамды данышпанға тең десе де болғандай. Ал өзін данышпанға балаған ақымақ – шын мәніндегі ақымақ» деген ғұлама сөзі де
Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет. Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз
Цитаталар Цитаталар
Жаңа өмір – өткенге орын қалмаған сәтте басталады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×