ойын сауық отауы
Ақылды мен ақымақтың арасы
14.05.2018 12 781 0 Дауыл

Ақылды мен ақымақтың арасы

Бұл қызықты
АҚЫЛДЫ МЕН АҚЫМАҚТЫҢ АРАСЫ
Ақымақ адам қателессе,
Оны біреуге аударуға тырысады
Ақылды адам қателессе,
Оны өзі түзей бастайды.
(Бейсенбай Кенжебаев, белгілі ғалым)
ОСЫ ПЕНДЕНІҢ бәрі ақылды ма? Дәл осы сұраққа орай әрбір жан өзін ақылдылар тобына жатқызар еді. Өзін ақымақпын демейді ешкім. Сонда ақымақ қайсы, ақылды қайсы? Қазір екінің бірі қулығын асырғысы, бойындағы кемшілігін жасырғысы келеді. Сөздің өзін астармен сөйлейді - ау бұл қазақ. Бетіне жылы сөз айтып тұрып, жек көретіндер де, досыңмын деп тұрып, өзгеше сезімді бастан өткеретіндер де кездесіп жатады. Оған таң қалмайсың...
Ақылды адам, меніңше, өзгеге кінә қоймай, өзіне кінә қояды. Біз көбінесе сол сәтсіз қадамымыз үшін өзімізді емес, өзгені жазғырып жатамыз. Әрбір жан алдымен басқаға емес, өзіне талап қоюы қажет.
Ақылды қандай болу керек? Өз ойымша былай түсінемін:
1. Сезімтал да кішіпейіл.
2. Қандай қадам жасаса да, алдымен әбден ойланып алатын.
3. Өмірлік мақсаты айқын.
4. Сөзі өткір, ісі мығым.
5. Өзінің де өзгенің сырын сақтай білетін.
6. Артық сөйлемейтін, жақсылықтан қашпайтын.
7. Кемшілік жіберсе, мойындай да және жөндей де білетін жан.
Ал ақымақ керісінше:
1. Ештеңені сезбейтін, дөрекі әрі мақтаншақ.
2. Алдымен қадам жасап, содан соң ойланатын.
3. Өмірлік түгілі, ертеңін де білмейтін.
4. Сөзі жалған, өзі жалқау.
5. Өзіңнің де, өзгенің де сырын сақтамайтын.
6. Мылжың, жақсылық жасай алмайтын.
7. Қатесін мойындамайтын жан.
Өмір болған соң қателеспейтін жан жоқ. Ақылды адам өз қатесін түсініп, одан арыла біледі. Ал ақымақ өзін - өзі қадағаламай, қатесіне қате қосып алады. Бәрінен жаманы – өз қателігін түсінбеуде, көре білмеуде.
Білмеу қателік емес – білмегенді білем деу қателік. Бұрыс нәрсені дұрыс деу адасушылық. Адасушылықтан, өз жолыңды таба білмеуден артық сорақылық жоқ!
«Өзінің ақымақтығын білген адамды данышпанға тең десе де болғандай. Ал өзін данышпанға балаған ақымақ – шын мәніндегі ақымақ» деген ғұлама сөзі де осындай ойлардан соң айтылса керек.
Кейде кейбіреулер біреуге кінә артқыш, ренжігіш келеді. Иә, ондай өкпешіл, ұсақ - түйектің бәрін тізіп жүретіндерден адамдар да алшақтай бастайды. Адасуға ұрынатын да осындайлар.
Шын мәнінде, орынсыз қайғы - уайымға салынып жүретіннің де ісі өнбейді. Оның үстіне, ондайлар айналасындағы адамдарды да әбігерге түсіріп, ыңғайсыз күйге душар етеді.
Өз көңілін өзі көтеріп, айналаға шуақ шашып, парасатты тірлік жасап, пайымды ой айтып, жағымды әсер ете білу де – адамдықтың белгісі... «Егер күн сайын біреуді қуантуға әрекет жасасаңыз, онда сырқатыңыздан өзіңізді - өзіңіз айықтырасыз», - деп белгілі психиатр Альфред Адлер босқа айтпаған.
Сабырлылық – ақылдың бір көрінісі. «Сабырлы шыдар, сабырсыз сынар» демейтін бе еді. «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр – серігі» (М. Әуезов).
«Араларыңдағы ең күшті адамның кім екенін айтайын ба? Ол – ашуы келгенде өзін - өзі ұстай алатын адам» дейді діни хадистерде. Қазақ мұны бір - ақ ауыз сөзбен жеткізген: «Ашуын ақылға жеңдірген адам – дана».
Парасаттылық дегеніміз – меніңше, адам бойындағы ізгілікті жақсылыққа, өнегелікке, адамдыққа жұмсай білу. Жалпы, адамды қателіктерінен емес, атқара білген істерінен танисың.
Адам болған соң өз ақылыңмен өмір сүресің. Өзгеден үйренесің. Әйтсе де, өзгенің ақылы саған ақыл болмайтыны ақиқат.
Ақылды жан әрбір іс - қимылға сын көзбен қарайды, зиянды нәрседен сабақ алады, күйініш - сүйініште өзгермейді, сыр білдірмейді. Ақылсыз жан ойланбай қадам жасап, опық жейді. Жылпостың айтқанына сеніп, суайтқа иланып, жазықсыз жандарды ренжітеді.

Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен
Толық нұсқасын қарау

Ақыл, сабырлық туралы мақал Ақыл, сабырлық туралы мақал
Ақыл туралы мақал мәтелдер
Жамандықты жақсылықпен жеңе біл! Жамандықты жақсылықпен жеңе біл!
Кейде біз ашуға булығып, кейін шегіне салмаймыз ғой. Бізді құртатын да сол. «Аһ, сені ме, құртып жіберемін. Ісім сенімен болсын енді» деп бар дүниені
Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер
Ақымақ жауынды күні суға түсер
Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет. Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз
Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ
Ақымақ бастан ақыл шықпас, ақыл шықса да мақұл шықпас.
Ақымақтық туралы Ақымақтық туралы
Ақымақтың тілі ұзын келеді. (Аристофан)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×