ойын сауық отауы
47 - қадам: көп тыңлап, аз сөйлеңіз. үлкен табысқа жетесіз
02.12.2021 533 0 Admin

47 - қадам: көп тыңлап, аз сөйлеңіз. үлкен табысқа жетесіз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
47 - қадам: көп тыңлап, аз сөйлеңіз. үлкен табысқа жетесіз
Осы «көп тыңдап, аз сөйле» деген сөзді көптеген кітаптардан оқимыз. Ойланып қарасақ, өте дұрыс айтылған сөз екен. Адам көп тыңдаған сайын білімі толығатыны анық. Көп сөйлеген сайын сізге ешқандай білім құйылмайды. Тек өз ойыңызды қорытып сыртқа шығарғаннан басқа еш нәрсе ұтпайсыз.
Адамдармен сөйлескенде алдымен оның сөзін толық тыңдап алыңыз. Не айтқысы келіп тұрғанын біліп алғаннан кейін жаубаыңызды қайтарыңыз. Сонда айналаңыздағы адамдарға сабырлы тұлға ретінде көрінесіз.
Адам көп сөйлеген сайын сөзінің сапасы төмендеп, көп қателік жіберетінін аңғаруға болады. Көп тыңдауыңызды әдетке айналдырыңыз. Тыңдағанда да сізге пайдасын беретін материалдарды тыңдаңыз. Қазір Ютуб - ты ашсаң болды, қалаған салаң бойынша ақпарат алуға болады. Оның ішінде пайдалысы да, пайдасызы да бар, тіпті адамға кері әсер ететін бейнежазбалар да бар. Осыынң ішінен тек өзіңізге пайдалы бейнежазбаларды көруді әдетке айналдырыңыз. Сапалы бейнежазба көрсеңіз кітаптан жинаған біліміңізден әлдеқайда тез және оңай жиналады. Тек өзіңізге пайдалыларын көруді әдетке айналдырсаңыз болғаны. Сөзіңіз қысқа да нұсқа болсын. Ойға қонымды сөйлеңіз, ортаңызда абыройлы боласыз.
Кім Аллаға және ахирет күніне сенсе, жақсы сөйлесін немесе үндемесін.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с.)
Үнсіздіктің де мәні бар: біреулері түсінбегеннен, біреулері өте жақсы түсінгендіктен үндемейді.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

43 - қадам: Әлемді басқарғың келсе, алдымен өзіңді басқар 43 - қадам: Әлемді басқарғың келсе, алдымен
Айтылған бұл сөзге қарап, адам көпшілікті басқару үшін алдымен өзін басқаруы тиіс. Өзіңді басқару дегеніміз өзіңе зияны тиетін, бірақ саған рақат
39 - қадам: өзіңіз жайлы көп айта бермеңіз 39 - қадам: өзіңіз жайлы көп айта бермеңіз
Сіздің ойларыңыз, сіздің стратегиялық дамуыңыз ол сізге ғана тән. Өзіңіз жайлы мүлде ақпарат бермеңіз демейік.
59 - қадам: проактивті сөйлеу 59 - қадам: проактивті сөйлеу
Жетістікке жететін адамдардың басты қасиетінің бірі проактивті сөйлеуінде. Себебі олар қандай іске жолықса да мүмкіндікті қарастырады.
54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз және көмектесе біліңіз 54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі
Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тәжірибелі адамдар баршылық.
Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×