ойын сауық отауы
66 - қадам: санаңды жаңғырту
12.02.2022 419 0 Admin

66 - қадам: санаңды жаңғырту

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
66 - қадам: санаңды жаңғырту
Адам санасын өзгертпей өмірін өзгерту мүмкін емес. Санасын жаңғырта білген адамның өмірі жаңғыртатыны анық. Сана жаңғыртудың басты негізі.
1. Өмірде не істеп жүргенін?
2. Қалай істеп жүргенін?
3. Не үшін істеп жүрген? деген сұрақтарға алдымен жауап алуы тиіс.
Адам – жер бетіндегі құдіретті Аллаһ жаратқан жаратылыстың ең кереметі. Адамға берілгендей нығмет жер бетінде ешқандай мақұлыққа берілмеген. Адамның санасындай сана жер бетінде ешқандай жаратылысқа берілмеген. Адамның миындай жұмыс істейтін жер бетінде ешқандай зат жоқ.
Өзімізге қоятын үш сұраққа шолу жасап кетсек.
1. «Өмірде не істеп жүрмін» деген сұрақты кез келген адам өзіне қоя білу қажет. Сіз дәл қазіргі уақыттарда не істеп жүрсіз. Ертең сол істеп жүрген нәрселеріңізді жемісін алатын боласыз. Бұл сұрақ сіздің санаңызға өзгерістің алғашқы қадамы. Өзімізге мән берейікші. Не істеп жүр өзі. Мына мысалдар арқылы жазып көрейік. Денсаулық, білім, тәжірибе, сананы жаңғырту жайлы, айналаңа қарым - қатынасын пайдалаң, материалдық жағдайыңа байланысты. Осыларға байланысты өзімізге сұрақ қойып көрейікші.
1) Денсаулыққа қатысты қандай іс - әрекеттер істеп жүрсіз? Спортпен шұғылданып жатсыз ба? Өзіңізге зиянын тигізетін тағамдардан бас тарттыңыз ба? Ұйқыңызды уақытқа қойдыңыз ба? Денсаулығыңызды жылына бір рет болсын жалпы тексерттіңіз бе? деген осындай сұрақтарды өзіңізге қойдыңыз ба және бұларды істеп жүрсіз бе№ әлде өмірдегі баға жетпес байлығыңыз денсаулығыңызға немқұрайлы қарап жүрсіз бе? Осы сұрақтарды зіңізге қойыңыз. Және дұрыс жасаңыз. Денсаулыққа байланысты ойыңызды өзгертіңіз.
2) Білімге қатысты не істер атқарып жүрсіз. Біліміңізді арттырып жатсыз ба әлде босқа пайдасы жоқ ақпараттарды қабылдап жатсыз ба? Білімді арттырудың жолдары, олар кітап оқу, сапалы білім беретін бейнежазбаларды қарау, айналаңнан саған пайдасын беретін ақпараттарды жинау, әлеуметтік желілерден пайдалы ақпараттарды жинау, өз ойлау жүйеңді өзінде бір сәт уақыт бөліп дамыту, осы сияқты пайдалы нәрселерге уақыт бөліп жүрсіз бе әлде босқа алтын уақытыңызды пайдасыз ақпараттарға жұмсап жатсыз ба? Осы білімге байланысты сұрақтарды өзіңізге қойғаннан бастап сіздің санаңыз жаңғыру үстінде болады.
3) Тәжірибеңізді арттыруға қатысты қандай істер атқарып жүрсіз? Мысалы, сіз студент болсаңыз. Бос уақытыңызда тәжірибеңізге байланысты қандай істерді атқарып жатсыз. Мысалы сіз бос уақытыңызда официант болып немесе фотограф сияқты жұмыстарды стейтін болсаңыз, осындай өзіңізге пайдасын беретін істерге уақытыңызды жоғалтып тәжірибе жинап жүрсіз бе? әлде уақытыңызды босқа ойын - сацыққа жоғалтып жүрсіз бе? қолдан келсе әр түрлі сала болсын тәжірибе жинақтаңыз. Ол сізге әрдайым жұмыс жасайтын болады.
4) Айналаңа қарым - қатынасын жайлы ойланып көрдіңіз бе? айналаңызға қандай қарым - қатынастасыз? Айналаңызға не істеп жүрсіз? Адамдармен жақсы қарым - қатынас – жақсы өмірдің сапасы. Егер айналаңыздағы адамдарға қарым - қатынасыңыз нашар болса, оны түзету шараларына кіріскеніңіз жөн болады. «Адамның күні адаммен». Айналаңызға жылы шырай танытып, жақсы сөйлеп, жақсы іс - әрекеттерге қолдан келгенше істеп жүрсеңіз, айналаңыздағы адамдармен қарым - қатынасыңыз бірте - бірте дұрысталады. Бұл нәрсеге аса зор мән берңіз. «Жақсы қарым - қатынас – жақсы өмірдің сапасы».
5) Материалдық жағдайыңызға байланысты қандай жұмыстар атқарып жүрсіз? Болашағыңызға болсын материалдық жағдайыңызға байланысты жоспарыңыз бар ма? Әлде уақытты бекерге өлтіріп жүрсіз бе? Материалдық жағдай адам өмірінде алатын орны ерекше. Оған көп адам ерекше ықыласпен де қарайды. Бірақ соған қол жеткізуге болатын іс - әрекеттерге аса бір талпынысы жоқ. Талпыныс жоқ жерде нәтиже де жоқ. Сол үшін де материалдық жағдайға байланысты не іс атқарып жүрмін деп өзіңізге сұрақ қойыңыз және дұрыс іске кірісіңіз.
Осы адам өмірінде алатын орны ерекше 5 нәрсені теріп жаздық. Осы бес нәрсеге байланысты не жұмыстар атқарып жатырсыз. Оған аса зор мән беріңіз. Себебі бесеуінің алатын орны ерекше. Тек бұл бесеуіне ғана емес басқа да өзіңізге керекті нәрселерге байланысты мен не істеп жүрмін? Істеп жүрген істерім дұрыс па деп әрдайым өзіңізге сұрақ қойып және дұрыс болмаса да дұрыс істеуге шақырамыз.
Кейінгі екі сұраққа ерекше мән беріп, жауап беріп көріңіз. Қалай істеп жүрмін және не үшін істеп жүрмін деген сұрақтарға жауап беру арқылы өз өміріңізді қолға аласыз. Жаңағы адамға қажетті денсаулық, білім, тәжірибе, материалдық жағдай, айналаңмен қарым - қатынасқа осы екі сұрақты қойып көріңіз.
Осылай барлық атқарып жатқан істеріңізге осы үш сұрақты қойып көріңіз. «Өмірде не істеп жүрмін?», «Қалай істеп жүрмін?», «Не үшін істеп жүрмін?» деген сұрақтар арқылы сізге пайдасы бар ма, жоқ па?
Егер зияны болса, бұны неге істеп жүрмін, егер пайдасы болса, бұны қалай ары қарай дамытсам болады деген сұрақтарды өзіңізге қою арқылы сіз өз өміріңізге өзіңіз жауапкершілік алып, алдыға жылжитын боласыз.
Бастысы бұл істерден сіздің санаңыз жаңаша жаңарып, жаңғыру жолына түсесіз. Санаңды өзгерту деген өміріңді өзгерту деген емес пе?

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

60 - қадам: реактивті сөйлеу 60 - қадам: реактивті сөйлеу
Реактивті сөйлеу ол сізді құрдымға жіберетін үлкен жолдың бірі. Реактивті сөйлейтін адамдар әдетте өмірде жетістікке жетпеген, қорқақ, жалқау
41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз 41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Олар имандылық пен жар таңдаудан. Шынымен де солай. Осы екеуін жақсы таңдай білген адамның өмірі жақсы арнаға
56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз 56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз
Ең жаман нәрселердің бірі – өз-өзіңді алдау. Кейбір адамдар өздерінің істеп жатқан іс - әрекеттерінің дұрыс емес екенін біле тұра, оны істей береді.
Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық
Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Конфуций
Екі данышпан Екі данышпан
Баяғыда екі данышпан адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білмек болып әлемді аралап жолға шығыпты.
Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады
ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзіне өзі қол салуға бейім адамдарды жасанды ақыл - ой арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Риа Новости
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×