ойын сауық отауы
56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз
20.02.2021 683 0 Admin

56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз

Жалпы кеңес
Жетістіктің жүз қадамы
56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз
Ең жаман нәрселердің бірі – өз - өзіңді алдау. Кейбір адамдар өздерінің істеп жатқан іс - әрекеттерінің дұрыс емес екенін біле тұра, оны істей береді. Кейінірек істей берем ғой, қазірше осыны істеп жүре берейін деп өз - өзін өмір бойы алдап өтуі ықтимал. Мысалы, тамақтануға байланысты қарайықшы.
Кейбір адамдарды көріп өз - өзін алдап жатқанын аңғарасың. «Мен бүгін соңғы рет осы газды сусынды ішіп жатырмын» немесе «осыдан кейін осындай майлы тағамдардан бас тартам» деген сөзді жиі естиміз. Бірақ кейінірек қарасаң, жаңағы газды сусын мен майлы тағамдарын тұтынуды доғармаған. «Бір рет те бас тартқан едіңіз ғой, не болды?» деп сұрасаң, «ой, енді бас тартайын деп жүрмін» немесе «онша зиян емес екен ғой» деген сөздерді естиміз. Бұндай жүрісімен оны тастауы екіталай.
Тек өзін алдағаннан басқа еш нәрсеге қол жеткізбейді. Басқа да нәрселер осы секілді. Олар ішімдіктерді қою, шылым шегуді доғару, құмар ойындардың жаман екенін мойындау, ерте жатып ерте тұруды әдетке айналдыруды келесі аптадан бастаймын деп жүру, келесі аптадан бастап кітап оқимын, ендігі жылдан бастап кәсібімді бастаймын деген секілді нәрселерді кейінге қалдыра береді.
Бұл жүрісімен тек өзін алдап жатқанын аңғарамыз. Ал уақыт болса зулап өтіп жатыр. Уақытты бағалай біліңіз. Барлық істің өз уақытында орындалуына назар аударыңыз.
Алдау – жаман нәрсе. Бірақ ең жаманы – өз - өзіңді алдау.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік
Мүмкіндік туса – оны әжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан - аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел.
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі.
Өз  жүрегіңнің үні Өз жүрегіңнің үні
Сырттай қарасаң адамдардың бәрі бірдей ұқсас, біркелкі секілді. Араласа түскенде адамдар бір - бірінен соншалықты алыс, тіпті керағар, әркелкі екенін
Екі данышпан Екі данышпан
Баяғыда екі данышпан адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білмек болып әлемді аралап жолға шығыпты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×