ойын сауық отауы
80 - қадам: өміріңіздегі басты құндылықтарды анықтап, оларды құрметтей біліңіз
15.04.2023 459 0 Admin

80 - қадам: өміріңіздегі басты құндылықтарды анықтап, оларды құрметтей біліңіз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
80 - қадам: өміріңіздегі басты құндылықтарды анықтап, оларды құрметтей біліңіз
Әр адамның өзінің өмірде үлкен орын алатын өзіне тән өмірлік құндылықтары болады. Сол өмірлік құндылықтарын танып оларды құрметтегенде адамның теріс жолға түсіп кетуі, адамның тозуы болмайды. Адам өмірдегі басты құндылықтарын анықтап оларды құрметтесе ол адамның өмірі де жақсы болмақ.
Әр адамның өмірлік құндылықтары әрқалай болуы да мүмкін. Біреулерге өмірлік құндылық ол отбасысы болса, біреулерге жұмысы, карьерасы болса, ал енді біреулерге өзінің үнемі дамуы болуы да мүмкін. Енді өмірлік құндылық дегенде әр адам әрқалай құндылықтарды таңдауы мүмкін. Бастысы сол таңдаған өмірлік құндылықтарыңызды құрметтесеңіз болғаны.
Құрметтеу дегеніміз сол құндылықтарыңызды берік ұстап, оны арықарай дамытуға болатын болса дамытып, сол құндылықтарыңыз сізге және сіздің айналаңызға пайдасын беретіндей етіп жұмыс атқару.
Кейбір адамдардың өмірлік құндылықтары да жоқ. оларға өмірде ең маңызды нәрселер не екенін де анықтап аламаған адамдар жетерлік. Сол ең маңызды құндылықтарды анықтап алмай, адам белгілі бір жетістікке жетуі қисынсыз көрінеді.
Өмірлік құндылықтарыңызды анықтаудың бір жолы: бір ақ параққа сізге өмірде ең маңызды нәрселерді жазыңыз. Ол нәрселерді сіз ешқандай ақшаға айырбастап ала алмайтындай нәрселерді жазыңыз. Осылай 10 - нан көп өмірлік құндылықтарыңызды жазыңыз. Егер оны дамытуға болатын болса дамытыңыз, санын артқанын қаласаңыз арттырыңыз және оны күніне немесе аптасына 2 - 3 рет оқып тұрыңыз. Бұл сізге өміріңіздегі ең маңызды нәрселер не екенін анықтап тұрады.
Өзіңнің мақсаттарыңның өмір жолында кездейсоқ өзгеруіне дайын бол, бірақ құндылықтарыңның ауысуына еш уақытта жол берме.
Далай Лама

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

75 - қадам: Өзіңіздің бойыңыздағы пайдалы тұстарыңызды анықтап, оны одан әрі дамытып іске пайдаланыңыз 75 - қадам: Өзіңіздің бойыңыздағы пайдалы
Кез келген адамның бойында, адамға қоғамға пайда тигізетін тұстары болады. Тек оны анықтап қолдану қажет. Кез келген адамның бойында еңбекқорлық,
71 - қадам: елге деген патриоттық сезім 71 - қадам: елге деген патриоттық сезім
Әр қазақ азамат - азаматшасының елге деген патриоттық сезімі болуы тиіс. Әрбір біреуіміз елімізді сүйе білуіміз тиіс. Елді жақсы көру балалық шақтан
67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту 67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту
Кез - келген адамның бойында өзіне тән қабілеті бар. Қабілет ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін адам бойындағы бір іске қызығушылығы емесе бір іске
41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз 41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Олар имандылық пен жар таңдаудан. Шынымен де солай. Осы екеуін жақсы таңдай білген адамның өмірі жақсы арнаға
64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз 64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз
Жетістікке жеткіңіз келсе өз өміріңізге өзіңіз 100% жауапкершілік ала біліңіз. Жауапкершілік сізге қалай жұмыс атқару керек екенін анықтап береді.
Өмірлік ұстаным Өмірлік ұстаным
Менің өмірлік қағидам өте қарапайым: мен өзгенікіне қол сұқпаймын, достарымды сатпаймын, ұнатпайтын адамдармен достасқаннан гөрі жалғыз қалғанды жөн
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×