ойын сауық отауы
79 - қадам: әр істеген ісіңізді таза және сапалы істеңіз
03.04.2023 319 0 Admin

79 - қадам: әр істеген ісіңізді таза және сапалы істеңіз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
79 - қадам: әр істеген ісіңізді таза және сапалы істеңіз
Сапалы іс – сапалы өмірдің бастамасы. Әр іс істегенде ісіңізді таза және сапалы етіп істеңіз. Алдыңызға көптеген мақсаттар қойған болсаңыз, олардың әрқайсысына жету үшін әр ісіңіз сапалы боолғанда тез жететіңіз анық. Кейбір адамдар бар күніне көптеген жұмыстар атқарады. Күндік, апталық жоспарлар құрады. Бірақ істеген ісінің көбісін әйтеуір істедім бе, істемедім бе дегендей атқарады. Олай іс атқару сізді жетістікке апаруы қиын болады. Аз да іс бітірсеңіз де, сапалы етіп бітіре біліңіз.
Айталық, сіз кітап оқуды әдетке айналдырдыңыз делік. Сіз күніне кітап оқуға 2 сағаттай уақыт бөлетін болсаңыз, бұл негізі жақсы бөлінген уақыт. Бірақ ең маңыздысы қанша уақыт бөлгенде емес, қандай ақпарат қабылдадыңыз, қандай деңгейде қабылдадыңыз – сол маңызды болады. Кітап оқығанда да әйтеуір қолға ілінген кітапты емес, адамға көп пайдасын беретін, өзіңіздің қызығып жүрген салаңыз бойынша кітаптарды оқығаныңыз жөн болады. Адам өмірін өзгертуге сапалы 5 кітап жетеді. Бірақ сол 5 кітапты табу да оңай шаруа емес. Сол үшін де кітап оқудан бұрын кітап жайлы сұрастырып, өзіңізге керекті сала бойынша таңдағаныңыз дұрыс болады.
Сапалы көп жұмыс атқару үшін алдымен адамның өзі сапалы болу қажет. Ерсі естілуі де мүмкін: сапалы адам бола ма деп. Бірақ көптеген істерді сапалы атқару үшін адамның өзі алдымен сапалы болу қажет. Адам өмірінің сапасы 5 нәрсемен өлшенеді: денсаулығы, білімі, көңіл - күйі, рухани жан дниесі және материалдық жағдайы. Осы 5 нәрсе адамда жеткілікті болғанда ол адам сапалы адам және айналасына, қоғамға өз пайдасын бере алатын адам болады. Осы 5 нәрсенің 4 нәрсесіне көп адам қазірден - ақ кірісіп, өзінің бойынан көрсетуге болады. Олар денсаулықты күтуді, білім жинауды, үнемі көңілді болып жүруді және рухани дүниеңді әрдайым жаңартып жүруді осы 4 нәрсені қолданғаныңызда, 5 - інші нәрсе: материалдық жағдай сізге өзі - ақ келетін болады.
Сайып келгенде, адам өмрінің сапасын анықтайтын 5 нәрсеге жұмыс жасай біліңіз. Осы 5 нәрсеге және басқа нәрселерге жасаған жұмысыңызды қолдан келгенше таза және сапалы істеңіз. Сапалы жұмыс – сапалы өмірдің бастамасы.
Өзіне артық жүк арқалайтын адам көп іс тыңдырады.
Вильгельм Гумбольдт

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

77 - қадам: жұрт алдында сөйлеу өнеріңізді дамыту. ораторлық қабілет 77 - қадам: жұрт алдында сөйлеу өнеріңізді
Жақсы деңгейде сөйлей білу екінің қолынан келе бермейді. Әсіресе жұрт алдында сөйлеуге көпшілік адамадар бара бермейді. Жақсы сөйлеу немесе ораторлар
74 - қадам: өмір бойы оқып өтіңіз және мемлекетке пайда тигізіңіз 74 - қадам: өмір бойы оқып өтіңіз және мемлекетке
Оқу деген адамды тек алдыға жетелейтін басты күш қой. Себебі адам көп оқыған сайын рухани дүниесі жаңғырып, өзінің нені қалайтынын білетін болады.
47 - қадам: көп тыңлап, аз сөйлеңіз. үлкен табысқа жетесіз 47 - қадам: көп тыңлап, аз сөйлеңіз. үлкен
Осы «көп тыңдап, аз сөйле» деген сөзді көптеген кітаптардан оқимыз. Ойланып қарасақ, өте дұрыс айтылған сөз екен. Адам көп тыңдаған сайын білімі
69 - қадам: студенттік өмір. өмірдегі басты кезеңдердің бірі 69 - қадам: студенттік өмір. өмірдегі басты
Студент десе, ең бірінші, көпшіліктің ойына бірінші ақшасы аз, қарны аш және қыдырып жүретін кезең ретінде көрінеді. Студенттік кезең адамның үлкен
54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз және көмектесе біліңіз 54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі
Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тәжірибелі адамдар баршылық.
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×