ойын сауық отауы
Қияр тұздау
10.09.2016 21 665 0 Жайна

Қияр тұздау

Ас дайындау
Қияр тұздау

2 литр банкіге арналған мөлшер.
Қияр – 1,5-2 кг
Тұз – 2 ас қасық
Шекер – 1 қасық (десерттік қасықпен)
Су – 1 л (ыстық)
Аспирин – 2 түйір
Сарымсақ – 4 - 5 түйір
Дәмдеуіштер: Лавр жапырағы, аскөк (укроп), ақжелкек (хрен), қара бұрыш (түйіршік).


Қиярды жаппас бұрын барлық керегіңізді дайындап алу қажет. Мысалы: Суы кеуіп құрғап тұру үшін банкіні содамен ысқылап, тазалап жуып-шайып төңкеріп қойыңыз. Қақпақты да ыстық сумен жуу қажет.
Қиярды бақшадан жаңа теріп алған болсаңыз тазалап жуып, 1 - 2 сағаттай суық суға салып қойыңыз. Қиярлардың аса үлкен болмағаны дұрыс. Судан шығарып алғаннан соң, түп жағы мен бас жағын аздап кесіп алып тастаңыз.
Таза банкілерді шетінен булап (стерилизовать етіп), бірінші ақжелкекті, (хрен) салыңыз, содан соң қиярларды асықпай сыйымды етіп салыңыз, дәмдеуіштер сиятындай аздаған орын қалдырыңыз. Банкінің ішіне толтырып салынған қиярдың үстінен қайнап тұрған ыстық суды толтырып құйыңыз да, бетін қақпағымен жауып қойыңыз. Оған дейін сіз дәмдеуіштерді ыстық суға жуып дайындап қоюыңызға болады. 10 - 15 минуттай тұрғаннан соң, банкілерді бір-бірлеп суын төгіп, тұзды, шекерді, аспиринді, сарымсақты дәмдеуіштерді қалауыңызша мөлшерде салып, қайнап тұрған суды құйыңыз да, суытпай тездетіп жаба беріңіз.
Банкілерді жауып болғаннан соң төңкеріп үстінен жылы орамалмен жауып қойыңыз.

Егер сіздің де түрлі рецептеріңіз болса бөлісе отырыңыз, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз, сайтта жарияланатын болады.

Көк помидор тұздау. Соление зеленых помидоров в банках на зиму Көк помидор тұздау. Соление зеленых помидоров в
Банканы стерилдеу керек. Банкаға 3 - 4 түйір қара бұрыш салыңыз помидор салыңыз, сарымсақты салыңыз үстіне ақжелкен мен аскөкті салыңыз
Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады) Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алыңыз. Қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақты майдалап езу керек.
Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом) Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)
Қиярды жуып тазалап алған соң, ортасынан екіге бөліп, ұзынынан тағы 2 - 3 - ке бөліңіз. Ұзынша ірі етіп турау керек. Тұз сеуіп араластырып қойыңыз.
Күздік салат (қысқа сақтауға арналған) Күздік салат (қысқа сақтауға арналған)
Көкөністердің барлығын жуып - тазалап алғаннан соң, ұзынша етіп тураңыз. Өз қалауыңызша турауға болады (ірі турауға болмайды).
Ашытылған қырыққабат (капуста) салаты Ашытылған қырыққабат (капуста) салаты
Көкөністерді тазалап жуып алыңыз. Қырыққабатты ұзынша етіп майдалап тураңыз, сәбізді ұзынша етіп тураңыз (теркадан өткізуге де болады).
Лечо салаты Лечо салаты
Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×