ойын сауық отауы
Ашытылған қырыққабат (капуста) салаты
15.10.2016 7 324 0 Дауыл

Ашытылған қырыққабат (капуста) салаты

Ас дайындау
Қырыққабат (капуста) - 1 бас
Сәбіз - 2 бас
Тұз – 2 шай қасық
Дәмдеуіштер: лавр жапырағы, қара бұрыш (горошек) - қалауыңызша
Ащы бұрыш – 1 - 2 бас.
Су - 1,5 л


Бұл 3 литрлік банкіге арналған өлшем.
Көкөністерді тазалап жуып алыңыз. Қырыққабатты ұзынша етіп майдалап тураңыз, сәбізді ұзынша етіп тураңыз (теркадан өткізуге де болады). Қатты мыжымай араластырыңыз да банкіге салыңыз, дәмдеуіштерді қалауыңыз бойынша салуға болады. Үстінен тұзды су құйылып дайындалатын болғандықтан, бір литр салқын суға 2 шай қасық тұз салып араластырыңыз. Дайын болған тұзды суды банкідегі капустаның үстіне құйыңыз. Ашытылған қырыққабат салаты дайын болуы үшін ас бөлмеде 3 күнге дейін қалдырыңыз.
Ескерту: Капуста ашып бастаған сәтте суы банкінің сыртына төгілуі мүмкін, сондықтан банкіні үлкенірек табақтың ішіне салып қойған дұрыс, банкінің астына түгел су баруын қадағалаңыз, шанышқымен араластырып төменгі жағындағы ауаны шығарып тұрыңыз.
Дайын болған қырыққабатты салқын жерге шығарып немесе тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Ашытылған қырыққабат (квашеная капуста) Ашытылған қырыққабат (квашеная капуста)
Ашытылған қырыққабат салатын дайындау соншалықты қиын емес және 2 - 3 күнде дайын болады. Дайын болған соң салқын жерде сақтауға тура келеді немесе
Шұжық пен қырыққабат салаты Шұжық пен қырыққабат салаты
Қырыққабатты майдалап тураңыз аздап тұз сеуіп араластырыңыз. Етті немесе шұжықты ұзынша етіп тураңыз, аскөк пен петрушканы да майдалап тураңыз.
Көктем салаты Көктем салаты
Қыстан жаңа шыққан мезгілде яғни көктем келісімен адам организмі витаминді керек ете бастайды.
Капуста (қырыққабат) тұздау Капуста (қырыққабат) тұздау
Бұл ашты қырыққабатты қыс бойы жеуге арнап тұздайтын болғандықтан, тұзды суды үлкен шелекке дайындап алыңыз. 10 литр мұздай суға шамамен 0,5кг жуық
Лечо салаты Лечо салаты
Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш
Қырыққабаттан (капуста) жасалған салат Қырыққабаттан (капуста) жасалған салат
Барлық көкөністерді жуып тазалап алып, сәбізді теркадан өткізіңіз (соломка), капустаны, тәтті бұрышты, пиязды жіңішке ұзынша етіп тураңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×