ойын сауық отауы
Тауық етін пеште пісіру
28.12.2016 16 503 0 Дауыл

Тауық етін пеште пісіру

Ас дайындау
Тауық етін пеште пісіру. Окорочка в духовке
Тауық сан еті – 2 шт
Картоп – 3-4 бас
Майонез – 100-150 грамм
Сарымсақ – 4-5 түйір
Қара бұрыш – жарты шай қасық
Қызыл бұрыш (ұнтақ) – жарты шай қасық
Тауық етіне арналған дәмдеуіш (приправа) – қалауыңызша
Су – 5-6 ас қасық
Тұз – қалауыңызша


Тауықтың екі сан етін жуып алған соң кептіріп 6-7 бөліктерге бөліп алыңыз. Қалауыңызша тұз сеуіп қойыңыз.
Картопты қабығынан тазалап алған соң, жуып тураңыз. Бір картопты ұзынынан 4 бөлікке бөліңіз. Қалауыңызша тұз сеуіп қойыңыз.
Соус дайындау үшін: майонезге майда туралған сарымсақты, қара бұрыш, қызыл бұрыш, дәмдеуіш, тұз, суды құйып араластырыңыз.
Соустың жартысын картоптың үстіне, жартысын тауық етіне құйып жақсылап араластырыңыз. Соус біраз сіңіп тұруы үшін 30 минутқа қалдырыңыз. Дайын болған соң, ет пен картопты табаға салып, пешті қыздырып алып, 200 градуста 1 сағаттай пісіріңіз, әр 20 минут сайын табаның түбіндегі сөлін тауық етінің бетіне құйып, пешке қайта салыңыз. Сонда тауық еті жұмсақ болып піседі.
Дайындаған: Жадыра

Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам
Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам рецепті.
Тауық етін дәмді етіп пісіру Тауық етін дәмді етіп пісіру
Ең алдымен тауық етін жуып, кептіріп алған соң маринадтау керек.
Қарапайым дәмді салат Қарапайым дәмді салат
Жұмыртқаның барлығын жарып араластырып, табаға аздап май құйып жұмыртқаны төрт бөліп қуырып алыңыз.
Ананас қосылған салат (Королевский салат) Ананас қосылған салат (Королевский салат)
Тауық етін қайнатып пісіріп алу қажет. Тауық етін, ананасты, саңырауқұлақты төртбұрышты етіп немесе ұзынша етіп қалауыңызша тураңыз.
Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер) Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер)
Бұл салатты дайындау үшін жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу керек, картопты майға қуырып алу керек (картошка фри).
Сиыр қабырғасын пеште пісіру Сиыр қабырғасын пеште пісіру
Сиыр қабырғасын пеште пісіру (ребрышки в духовке)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×