ойын сауық отауы
Аджика рецепті
23.10.2016 6 723 0 Дауыл

Аджика рецепті

Ас дайындау
Қызанақ – 2 кг
Болгар бұрышы – 2 бас
Сәбіз – 2 бас
Сарымсақ – 2 бас
Ащы бұрыш – 7 - 8 бас
Аджика дәмдеуіші – 1 ас қасық
Уксус 70 % – 2 шай қасық
Сұйық май – 50 мл
Тұз – 1 ас қасық
Шекер - дәміне қарай

Жасалуы
Көкөністердің барлығын жуып-тазалап аламыз. Қызанақты, болгар бұрышын, ащы бұрышты, сарымсақты, сәбізді еттартқыштан (мясорубка) өткіземіз. Ащы бұрыштың өзегін тазаламаймыз, тұқымымен қоса саламыз. Барлығын үлкен ыдысқа құйып отқа қоямыз, қайнап шыққан соң отты жай басып қоямыз, жай отта 1 сағаттан аса қайнауы қажет. Соңынан сарымсақты, дәмдеуішті, тұзды, шекерді салып, майды және уксусты құйып 10 минуттай және қайнатамыз. Дайын болған аджиканы тоңазытқышта сақтауға немесе банкіге жауып қысқа сақтауға болады.

Алма қосылған аджика Алма қосылған аджика
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алу керек. Барлық көкөністерден езбе дайындау қажет (сөл сыққыш құрал немесе еттартқыш пайдалану). Езілген
Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады) Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алыңыз. Қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақты майдалап езу керек.
Қырыққабаттан жасалған корей салаты Қырыққабаттан жасалған корей салаты
Сәбізді корей салатына арналған теркадан өткіземіз, сарымсақты жұқалап дөңгелектеп тураймыз. Сарымсақ пен сәбізді араластырамыз.
Баклажан икрасы Баклажан икрасы
Баклажанды майда төртбұрышты етіп тураймыз да 4 - 5 қасық тұз салып, мұздай суға салып қоямыз, 40 минуттай тұруы қажет.
Томат (тұздық) дайындау Томат (тұздық) дайындау
Томат (тұздық) дайындау
Лечо салаты Лечо салаты
Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×