ойын сауық отауы
Қиярдан әзірленген ащы салат (қыс мезгіліне дайындық)
05.11.2019 5 106 0 Дауыл

Қиярдан әзірленген ащы салат (қыс мезгіліне дайындық)

Ас дайындау
Қиярдан әзірленген ащы салат қыс мезгіліне дайындық
Қатты пісіп кеткен қиярды тастамай, қыс мезгіліне сақтауға ащы салат түрін әзірлеуге болады. Ол үшін қиярдың жұмсақ жері яғни ортасын ойып алып тастау керек.
Ол үшін бізге керек көкөністер:
Жуып тазалап өзегінен ажыратылып қойған қияр – 3 кг
Болгар бұрышы – 1 кг
Пияз – 0, 5 кг
Сәбіз – 1 кг
Сарымсақ – 3 бас
Ащы (аджика) – 250 гр
Тұз – 2 ас қасық
Шекер – 7 - 9 ас қасық
Сұйық май – 100 гр
Сірке қышқылы (уксус) 9 % - 120 гр
Су – 200 гр
Жасалуы:

Көкөністерді жуып - тазалап бәрін ұзынша етіп турау қажет.
Сарымсақты майдалап турау немесе езу. Үлкен ыдысқа бәрін араластыру көкөністерді түгел салу. Дәмдеуіштерді қосу (тұз, шекер, сұйық май, ащы (аджика), сірке қышқылы, 1 стакан қайнаған су). Жақсылап араластырып жарты сағатқа қалдыру сөлі шыққанша. Стерилденген банкаларға салу, қақпағын жабу. Кастрөлге қалыңдау мата төсеп банкаларды салу су құйып, банканы сыртынан 20 минут қайнату керек. Сонан соң банкаларды бұрағышпен бұрап жауып, төңкеріп жылы орамал жауып қою.
Дайындаған: Жайна
Қиярдан әзірленген ащы салат (қыс мезгіліне дайындық). жүктеу

Алма қосылған аджика Алма қосылған аджика
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алу керек. Барлық көкөністерден езбе дайындау қажет (сөл сыққыш құрал немесе еттартқыш пайдалану). Езілген
Көк помидордан қыстық салат дайындау Көк помидордан қыстық салат дайындау
Қызанақты жеуге ыңғайлы етіп турау, қалыңдығын 2 мм. Тұз сеуіп жақсылап араластырып қою.
Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка") Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка")
"Қыстың қамын жаз ойла» - деген аталы сөзге құлақ асатын апа - әпкелеріміз қытымыр қыстың дайындығына кірісіп кеткен де болар. Әр үйден табыла
Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады) Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алыңыз. Қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақты майдалап езу керек.
Баклажанды қызанақ сөлінде пісіру. (қыз мезгіліне дайындық) Баклажанды қызанақ сөлінде пісіру. (қыз мезгіліне
Баялдыны турап, тұзды суға салып қойыңыз, аштысын кетіру үшін 30 минуттай тұрсын. Сонан соң салқын сумен жақсылап жуып жіберіңіз. Баклажанды
Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом) Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)
Қиярды жуып тазалап алған соң, ортасынан екіге бөліп, ұзынынан тағы 2 - 3 - ке бөліңіз. Ұзынша ірі етіп турау керек. Тұз сеуіп араластырып қойыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×