ойын сауық отауы
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз
25.10.2020 1 157 0 Admin

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз

Салт-дәстүр
Ұмытылған ұлт дәстүрлері
Тоғыз

Халық мәдениетінде дәстүр ретінде ежелден қалыптасқан «тоғыз» деп аталатын салттың екі түрі бар. Бұлардың аталуы бірдей болғанмен, қолдану жолы мүлде бөлек.
1. «Тоғыз» /салт/. «Ау, мен тоғызды жоқтығымен тартып отырмын ба?» Ата - бабаның бұлжымас заңы бар. Мысалы: егіннен – кеусен, малдан – зекет, табыстан – шүлен сияқты. Соның қазіргі күндерде ұмытылып бара жатқан түрі – тоғыз. Бау - бақша өсіретін ел, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде, өнімді мол жинап алғаннан кейін туған - туысқандарына, құда - жекжаттарына, сыйлас көршілеріне тоғыз жіберетін жақсы салты бар. Яғни өздері қалаған адамдарына қоржынға салып қауын - қарбыз жібереді. Оның саны тоғыздан, не екі тоғыздан, үш тоғыздан кем болмауы керек. Келген адам ол үйге тоғыз әкелгенін айтады. Бұл жай келіс емес, кәделі, сыйлы келіс. Тоғыз дегенің тарту, ескеру, құрмет белгісі. Сонымен бірге мұнда дәмету де бар. Демек, тоғыз жіберген адамға соған лайық сый - сияпат жасау керек. Халық арасында бірін - бірі ескеру, елеу осы тоғыз арқылы білінеді.
2. «Тоғыз» /салт/. «Бір тоғыз айып төлеп құтылған екен». /»Ел аузынан» жинағынан/. Тоғыздың бұл тармағы құқықтық, әділет жүйесінде қолданылады. Әдетте, жеңіл жаза алғандар атын немесе шапанын төлеп шығады. Ал ауыр жазаға тартылғандар, мысалы: ұрлығы, ел - жұрт алдындағы зор кінәсі, дін жолындағы күнәсі үшін, опасыздығы үшін қылмыс жасағандарға қатаң жаза қолданылады. Оларға «тоғыз» деп аталатын жаза бар. Қылмыстың ауырлығына байланысты жаза бірнеше есе көбейтіледі. Айталық, әдейі жер өртегендерге, біреудің некесін бұзғандарға үш тоғыз төлеттіреді. Бұған түйе бастатқан 3 түйе, 3 жылқы, 3 сиыр. Мұны үш еселесе 9 түйе, 9 жылқы, 9 сиыр болып шығады. Егер жаза ат бастатқан тоғыз болса, 3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой болып төмендей береді.
Жер аудару, түрмеге отырғызу жоқ кезде қазақтың бұл заңы көшпелі елдің әлеуметтік тұрмысына сәйкес жасалғаны анық.
 
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр
Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны
Тоғызқұмалақты қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойыны кемеліне келген және дамыған ойын.
Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз
Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету — анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент тоғыз ай, тоғыз күн жататын
Салт - дәстүрлер Салт - дәстүрлер
КИІТ – дәстүрлі үйлену салтындағы құда - құдағилардың бір - біріне киім түрінде берілетін арнайы сый - сияпаты, кәдесі. Киіт кигізу алғаш құдалардың
Бөбектің тілегі Бөбектің тілегі
Тоқтышағым, тоғыз тап, Саулық қойым, сегіз тап, Сегізін де семіз тап. Құла бием, құлын тап,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×