ойын сауық отауы
Салт - дәстүрлер
14.12.2016 3 832 0 Дауыл

Салт - дәстүрлер

Бұл қызықты
Салт - дәстүрлер

ТОЙБАСТАР. Той бастаған адамға шапан, кездеме, әйелдердің басына тартатын жібек орамал, т. б. тоғыз - тоғыздан құралған тойбастар кәдесі беріледі. Той бастаған адам тойбастар кәдесінің айтулысын өзіне қалдырып, басқаларын «сіздерде де той болсын» деп қасындағыларға таратады.

ЖҮКБҰЗАР – жасаудың жүгін шешкен адамға ұзатылған қыз төркіні жағынан берілетін кәделі сый. Жасау салған кезде Жүкбұзарға деп науат, кәмпит, ірімшік - құрт, шыт - орамал, кездеме, әшекей бұйымдарды ішіндегі теңнің бетіне салып жібереді. Жүкбұзар кәдені жігіт жақтың жақын, сыйлы жеңгелерінің бірі алып, отырған әйелдерге үйлеріңде той болсын, қуанышқа жете беріңдер деген тілек айтып таратады.

ЖҮКЖИНАР – жасауды теңге буып - түюге көмектескен әйелдерге берілетін кәделі сый. Жасауды дайындауға жақын деген ағайын - туғанның әйелдері қолғабыс жасайды. Қыз жасауы жинақталып дайын болған кезде қыз шешесінің абысын - ажындары сияқты жақын туған - туыстары келіп көреді. Жасаудың кем - кетігін түгендеп болған соң, ұзатар күн жақындағанда жасауды теңге буып - түйеді. Осы кезде қолғабыс еткен ішіндегі жасы, жолы үлкен әйелдің біріне осы кәдені ұсынады. Бұның мәні таңдаулы осы адамның жасын, жолын берсін дегенді білдіреді. Жүкжинарға қолғабыс жасаған қалған әйелдерге әшекей бұйымдары, шыт - орамал, кездеме беріледі.

ОТҚАСАЛАР – келін түскеннен кейін арнайы отқа шақырған үйге келіннің алып баратын кәдесі. Отқасалар кәдесі ретінде келін бір көйлектік бұлмен (ерте кезде бір шаршы ақ мата болған) қоса өз жасауынан көңілі қалаған бір затын алып барады. Осы тұрғыда келіннің өз қолымен тіккен кестелі бұйымын немесе қайын жұртынан әкелген затын сыйға тартуы сол елдің ортасына тез сіңіп, өзара ынтымақ берекесінің артуына септігін тигізеді деп есептелген. Мұндағы мақсат алыс - берісті нығайту.

БИЕ ҚЫСЫРАМАС – өсіп - өнудің ырымдау бойынша жұртқа берілетін кәде. Жаңа түскен келіннің беті ашылған соң eнeci келіп, келiннiң маңдайынан сүйiп, жақсы тілек тiлeп, сол жерде отырған жұрттың бәріне жеткізе «биелерiң қысырамасын» деп, ақ матадан жыртыс таратады. Әйелдер қауымы жыртысты бөлiп алып үйлеріндегі сабаның аузына «біссіміллә, бием қысыр қалмасын» деп байлайды.

КИІТ – дәстүрлі үйлену салтындағы құда - құдағилардың бір - біріне киім түрінде берілетін арнайы сый - сияпаты, кәдесі. Киіт кигізу алғаш құдалардың арқасына шапан жабуға байланысты қалыптасқан салт болса керек. Киіт – құдаласудың белгісі, құдалықтың алғышарттарының бірі. Ертеден осы рәсімге байланысты ел аузында «құдалық белгісі – киіт, қоныс белгісі – бейіт» деген сөз қалыптасқан. Киіттің басқадай жоралғы, сый - сияпаттан айырмашылығы – оның киім, мата түрінде берілетіндігі. Дәстүрлі қазақы ортада киіт берудің өзіндік жосын - жоралғысы қалыптасқан. Киіт бас киіт, аяқ киіт болып екіге бөлiнедi. Бас киіттің дәрежесі аяқ киітке қарағанда жоғары болады. Бұл – құдаларды бастап барған үлкен адамға және әке - шешесіне берілетін кәде. Ал аяқ киіт – бас құдаларға ілесіп келген кіші құдаларға берілетін кәденің түрі.

КӨНЕККЕ САЛАР – қызға құда түсіп барғанда жігіт жағынан талап етілетін кәденің түрі. Кейбір деректерге қарағанда, жігіт жағының құдаларын күтіп жатқан үйдің шаңырағынан қыздың жеңгелері көнекті жіпке байлап түсіреді. Құдалыққа келген жақ көнекке өздерінің кәделерін салған. Ал тағы бір деректерде жігіт жағынан әйелдердің біреуі құдалар отырған үйге көнекті алып кіріп, кереге басына іледі. Оны тоқылдата ұра отырып, жаңа құдалар тарапынан кәде талап еткен. Тіпті кәдеге көңіл толмаса, көнекті шайқап, ішіндегі суын үстіне төгетінін айтып, құдаларды бопсалайды. Бұл жерде көнектің шайқалуы, һәм оның ішіндегі судың төгілетіндігі құт - береке мен ырыстың кететіндігін символдық тілмен білдіретіндігі болса керек. Өйткені көнек қазақы ортада басқа ас - тағамға пайдаланылатын ыдыстар сияқты үйдегі молшылықтың, ырыстың белгісі болып табылады. Демек, жоғарыда құдалардың көнектің суын шайқап, төгеміз деп бопсалауы жаңа құдаларды өз дегеніне көндірудің амалы іспеттес.

КҮЙЕУ КӨРІМДІК – отқа май құяр, не­кеқияр рәсімін өткізу үшін ресми келген күйеуді алғаш көргенде қайын атасының беретін кәдесі. Ауқатты қайын ата күйеу көрімдікке бір тай немесе бір ат атайды.

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз
Тоғыз Халық мәдениетінде дәстүр ретінде ежелден қалыптасқан «тоғыз» деп аталатын салттың екі түрі бар. Бұлардың аталуы бірдей болғанмен, қолдану жолы
"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Жас келгенде жаныңда жарың болсын Жас келгенде жаныңда жарың болсын
Жас келгенде жаныңда жарың болсын, Аурудан аулағырақ жаның болсын. Қолғабыс беріп тұрар керек кезде, Ақылды ұрпағыңның бары болсын.
Кемпір өлді, Қол ұстатар және тағы басқа кәделерді білесіз бе?! Кемпір өлді, Қол ұстатар және тағы басқа
Қазақ халқының қызық ұзатын, ұлын үйлендірерде ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт - дәстүрлері бар
Ғабит Мүсіреповтің батасы Ғабит Мүсіреповтің батасы
Балаңның басы үлкен болса, Милы болсын - жақын елдерге сыйлы болсын.
Қыз жасауы Қыз жасауы
Ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік «жасау» деп аталады. Халқымыз қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×