ойын сауық отауы
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны
12.08.2020 1 996 0 Admin

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны

Жаңалықтар
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны
Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – «Тоғызқұмалақ». Зерттеушілер бұл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар дейді. Тоғызқұмалақты қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойыны кемеліне келген және дамыған ойын.
Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя - шұңқырлар қазылып, құмалақпен ойналған.
Бұл ойын осыдан 4 - 5 мың жылдар бұрын пайда болған деген деректер бар, бірақ одан әрі дәуірде пайда болуы да мүмкін.
«Тоғызқұмалақ» ойыны қазақ даласында кең таралған. Тым әріге бармай, ХІХ ғасырдан бері қарай айтар болсақ, бұл ойынды қазақтың кемеңгері, ұлы ақыны Абай Құнанбаев сүйіп ойнаған екен. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайында Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр.
Ұлттық ойынымыздың атауы «Тоғызқұмалақ» - біріккен сөз. Құмалақ неге жеті, сегіз, он бір, он үш емес? Рас, тоғыз саны ежелгі түркілерде көптік мағынаға ие әрі қасиетті сан. «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық», «Тоғыз інген боталап, тоғыз бие құлындап» деген сөз тіркестердің бәрінде тоғыз саны көптік мағынаны білдіріп тұр. Соған қарағанда тоғыз саны қазақ үшін шексіздікті бейнелейтін сан болса керек.
«Тоғызқұмалақ» арнайы тақта арқылы ойналады. Бұл ойын - ақыл - ойды дамытатын, адамның қабілетін арттырып, ми қызметін жетілдіретін зияткерлік ойын. Алғашқы кезде үш отау, бес отаулық шағын үлгілері болған болса, бүгіндері жетілген тоғыз отаулық классикалық ережелі спорттық ойын қатарына енгізілді. Тек ойын ғана емес, оның танымдық әрі тағылымдық тұрғыда да, сондай - ақ спорт, өнер, ғылым ретінде де маңызы зор.
Тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамуда. Тоғызқұмалақ қауымдастығының қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны жылдан - жылға артып келеді. Ойынға бүгінде халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп отыр. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
Қазір спорт түрі ретінде «Тоғызқұмалақ» қанатын қеңге жайып, танымал ұлттық ойындардың біріне айналды. Маңғыстауда да бұл ойынға қызығушылық танытушылардың саны көбеюде. Бұған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ - дың қосып жатқан үлесі зор. Институттың аға оқытушысы, ұлттық ойын жанашыры А. Д. Рамазанова облыс педагогтеріне үнемі біліктілік арттыру курстарында «Тоғызқұмалақ», «Бестемше» ойындары туралы, бұл ойындардың жас ұрпақтың ақыл - ойын жетілдіруде, мінез - құлқын тәрбиелеуде маңызы зор екендігін айтып, кеңінен насихаттап жүр. Халқымыздың ұлттық зияткерлік ойыны «Тоғызқұмалақ» ойынын курс кезінде үйренген мұғалімдер оны одан әрі оқушыларына үйретіп, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Еркін Мырзабайұлы ДҮЙСЕКЕНОВ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
IT - маманы

Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Салт - дәстүр ата - бабамыздан қалған асыл мұра. «Әр елдің салты басқа» дегендей қоғамдағы әрбір ұлттың өзіне тән ұстанымдары мен наным - сенімдері
Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
2017 жылы ҰБТ 20 маусымнан бірінші шілдеге дейін өткізіледі. Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ - ны 92827 оқушы тапсырады.
Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол туралы sn. kz. хабарлайды. Ол
Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт -
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.
Қазақ ұлттық болмысына тән өмір сүресіз бе? Тесттен өтіп көріңіз? Қазақ ұлттық болмысына тән өмір сүресіз бе?
Қазақ ұлттық болмысына тән өмір сүресіз бе? Тесттен өтіп көріңіз?
Жаңа жылда, туылған күнде ойнайтын ойын түрлері Жаңа жылда, туылған күнде ойнайтын ойын түрлері
Барлық адамдар столға дөңгеленіп отырады, ортада бір ойыншы отырады. Ортада кім отыратынын жеребе тастау арқылы білуге болады. Ортада отырған
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×