Мүбәрак күндер мен түндер: Мәуліт
Салт-дәстүр
Уақытыңды басқар
Мүбәрак күндер мен түндер: Мәуліт
Адамзатты қараңғылықтан құтқару үшін жіберілген соңғы пайғамбар – біздің Пайғамбарымыз әзірет Мұхаммед (с. а. с.) 571 жылы рәбиул - әууәл айының 12 - түні туған. Бұл қасиетті түн «Мәуліт түні» деп аталады. Мәуліт – «туылған уақыт» дегенді білдіреді.
Ол дүниеге келген шақта жер - жаһанды надандық, зұлымдық пен арсыздық жайлап, Аллаға деген сенім ұмытылып, адамзат қамалып, өмір сүре алмайтындай дәрежеге түскен еді.
Пайғамбарымыздың дүниеге келуімен әлем нұрға бөленіп, халықтың жүрегіне Аллаға деген сенім ұялады. Теңдік, әділет және бауырмалдық пайда болды. Аллаға сенген халықтар шын мәнінде қуанышқа кенеледі. Пайғамбар (с. а. с.) туған түн – адамзаттың қараңғылықтан құтылуы үшін өте қайырлы әрі берекелі бастама болды.
Пайғамбарымыздың туған күнінде айтылатын мәуліт жырларын құрметпен тыңдау, оның қасиетіне, рухына салауат айту – халқымыздың Пайғамбарға деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең құрметінің көрсеткіші.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ислам күнтізбесі бойынша алғашқы ай – мухаррам айы. Жаңа жыл осы аймен басталады. Мухаррам айы – Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі.

Аптаның ең қадірлі күні. Құран Кәрім әмірі бойынша аптасына бір рет оқылуы парыз етілген намаз осы күнге сәйкес келеді.

Салауат cөзі араб тілінде көп мағына береді. Дұға, намаз, береке деген мағыналарымен бірге Пайғамбарымызға Алла Тағаладан игілік тілеу мағынасында да

Бірде Иса (ғ. с.) пайғамбар намаз оқып тұрған Ібілісті көріпті. Астына жайнамаз төсеп алыпты. Иса (ғ. с): Әй, малғұн, сен намаз оқитын болғансың ба?

Ораза 2025 жылы 1 наурыз, яғни сенбіі күні басталады. Қасиетті Рамазан айы 2025 жылы 1-29 наурыз аралығында болады.

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес, Құдайсыз қу қолынан іс те келмес. Белін бекем буғанның белі талмас, Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.