ойын сауық отауы
Бесікке бөлеу дәстүрі
11.03.2021 1 456 0 Admin

Бесікке бөлеу дәстүрі

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді
Бесікке бөлеу дәстүрі
Бесік Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында дүниеге келген деседі. Ол кезде ұлан - байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен.
Қара қытайлар Сарыарқаның кеңдігіне қызығып, жиі шабуыл жасап отырады. Бірақ Мизам бабқа шамасы жетпей, үнемі жеңіліс табады екен. Мизам баб ағаш егуді, бау - бақша жасауды кәсіп етеді. Жұрт «ағаштың пірі – Мизам баб» деп атайды. Аңызда Жетісу мен Алтай өңіріндегі ну орман Мизам бабтың еккен ағашынан шыққан деседі. Ол жүз елу жыл жасап қайтыс болыпты.
Бабтың дүниеден қайтқанын естіген қытайлар бір күнде келіп, оның орманын өртеп жібереді. Бұл кезде Мизамның баласы Айдаһар алыста жүр екен. Әкесі түсінде аян беріп: «Пейілі тар қаскүнем менің орманымды өртеді», – дейді. Айдаһар би ертесіне жетіп келеді. Орман түгелімен жанып кетіпті. Тек бірлі - жарым тобылғының қисық бұтақтары ғана оттан аман қалған екен. Айдаһар әкесіне Құран бағыштап, қисық ағаштарды өзімен бірге ала кетеді.
Бір күні Айдаһардың сәбиі уанбай, жылай беріпті. Әйелі екеуі не істерін білмей қиналады. Емші - тәуіптерді жағаласа да, баласы жұбанбайды. Би қатты сасады. Қызының жылағанына шыдай алмай, далаға шығып кетеді де, Құдайдан медет тілейді. Бір уақта қызының дыбысы шықпай қалады. «Бір нәрсе болды ма екен» деп үйге жүгіріп келсе, қызының жанында ақ киімді бір кісі отырады. Ол жанбай қалған тобылғының қисық бұтағына бөпені салып тербетіп отыр екен. Айдаһар жақындағанда көзден ғайып болады. Би мұны «Құдайдан келген ишарат» деп түсінеді. Түнімен қисық ағаштарды құрастырып отырып, бесікті жасап шығады. Сәбиін соған салғанда ол жұбанып, тәтті ұйқының құшағында тербелген екен.
Бесіктің пайда болуы аңызда осылай баяндалады. Бесік ең алғаш тобылғыдан жасалғандықтан, ол қасиетті ағаштардың біріне айналыпты. Одан бесік, қамшы, ыдыс - аяқтар жасапты. «Бесікті отқа жақпа», «аяқасты етпе», «қадірлеп ұста» деген ырымдар осыдан кейін шыға бастаған екен. Тобылғы бесікте тербелген сәби «арыстандай топ жарады, жолбарыстай жол тосады» деп ырымдайды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Нан қиқымын қастерле Нан қиқымын қастерле
Бірде Ыбырайым пайғамбар Құдайға: – Уа, Тәңірім! Өзімді бай еттің, төрт түлігімді сай еттің. «Алмақтың да салмағы бар» деген. Мыңғырған малдың сұрауы
Нан қиқымының шарапаты Нан қиқымының шарапаты
Діни аңыздарда перғауынның саусақтары тозақ отына күймейді деп айтылады. Мұса пайғамбарға қиянат жасап, оның қауымын азапқа душар қылған перғауын
Бесікті неге нағашылары әкеледі? Бесікті неге нағашылары әкеледі?
Дүние есігін ашқан сәби осы әулеттің ұрпағы емес пе? Неге оның алтын ұясын, киелі мекенін дайындау нағашыларына жүктеледі?
Айдаһар Айдаһар
АЙДАҺАР. Қазақ ертегілік - мифтік дәстүріндегі зұлым құбыжық, демон. Оның "аждаһа" түріндегі синонимі де бар. Айдаһар атауы өзімізге кеңінен танымал
1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні 1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні
1925 жылдың 1 маусым күні Қытайдың АҚШ - тағы бас консулы Сан - Франциско қаласында «Айдаһар - қайық фестивалін» тойлау үшін жетім балаларды жинаған
Мен онымен қай кезде көрісемін Мен онымен қай кезде көрісемін
Мен онымен қай кезде көрісемін? Қашан? Қашан? Айтшы сен соны, сенім?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×