
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Салт-дәстүр
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Ырымдар
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Ырымдар
- Мал айдап бара жатқан адам кездескенде «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген тілек білдіреді.
- Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұстайды. Жас бота тұрған киіз үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды. Егер де бөтен адам ботаны көріп қалса, оған жалма - жан «тіл - көзім тасқа» дегізіп, ботаға түкіртеді немесе отқа тұз тастатады.
- Мал иесі малдың сүттілігіне, немесе семіздігіне риза болғанда, алдымен Құдайға сыйынып барып, ризалығын білдіреді, әйтпесе көзі тиюі мүмкін.
- Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе, малдың емшегіндегі сүт азаяды.
- Мал сойғанда төс шеміршегін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол үйдің аты жүйрік болады.
- Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар қазақ халқының ырымдары мен тиымдары ырымдар тиымдар салт-дәстүр

Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде

Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды. Су құйылған немесе тағам

Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды.

Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады. Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң

Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады

Малды теппе құлындайды биесі, Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі. Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп - тегін. Айуанды тепкенің – ырысыңды