ойын сауық отауы
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: «Қасқа» жазасы
04.09.2021 1 323 0 Admin

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: «Қасқа» жазасы

Салт-дәстүр
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: «Қасқа» жазасы
Қасқа /ғұрып, заң/. Қазақтың «Жеті жарғы» және билік, әділет заңдарында қылмысына қарай жаза түрлері де әр түрлі болған. Соның ішінде ауыр жазалардың бірі – «қасқа» деп аталады. Бұл жазаға ұшыраған адамға өшпес таңба салынып әрі елден қуылған. Мұндай ауыр дәстүрді қаһарман жазушы Бауыржан Момышұлы былайша көрсеткен: «Мұны естіген Бабас қайғыдан қатты күйіп, қаһарға мінген екен. Қабаштың шашын ұстарамен қырыпты. Содан соң құйқасын маңдайынан желкесіне дейін, оң самайынан сол самайына тіледі. Басына жарғақ тұмақ, үстіне айналдырған тон кигізеді де, қолына таяқ ұстатады.
«енді қайда барсаң онда бар. Сендей ағайыннан адал арым артық», - деп теріс батасын беріп, ата қоныстан аластап шығарған екен. Ол заманда қарғыстың ауыры «теріс бата», жазаның үлкені «қасқа» етіп әйгілеп, елден қуып қаңғыртып жіберу болыпты ғой». /Ұшқан ұя/. Мұндай өте ауыр жазаға ұшырағандарға жұрт «қараң батсын», «келмеске кет» деп қарғыс айтып, артынан топырақ шашқан.
Жазаның мұнан басқа да ауыр түрлері болған:
  • -Бетіне күйе жағып, мойнына құрым киіз ілу.
  • -Қолын артына байлап, қара есекке немесе сиырға теріс мінгізу.
  • -Арақ ішіп өлгендерге немесе өзін - өзі өлтіргендерге намаз шығарылмайды. Мұндайлар бөлек жерленеді.
  • -Ат құйрығына байлап өлтіру.
  • -Әйелдің шашын кесіп, талақ ету.
  • -Мал - мүлкін талауға салу.
  • -Үйін ауылдан бөлек тігу.
  • -Мал сияқты көгендеп қою.
  • -Тас атып өлтіру.
Бұл заңдар қанша ауыр болғанымен ұлт намысын сақтауға, телі - тентектерді тыюға әсер еткен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөп сындыру Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөп сындыру
Шөп сындыру /ырым/. Бұл әдетте жақсылық жағдайға, іске байланысты жасалатын ырым
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шаң басты Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шаң басты
«Шаң басты» /құқықтық салт/. «Шаң басты» жазасы қолданылған» /Егемен Қазақстан/. Ежелгі қазақ тәртібі бойынша бөтен адамдар біреудің меншікті жерін
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз
Тоғыз Халық мәдениетінде дәстүр ретінде ежелден қалыптасқан «тоғыз» деп аталатын салттың екі түрі бар. Бұлардың аталуы бірдей болғанмен, қолдану жолы
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тойхана Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тойхана
Тойхана /салт/. «Тойға шақырылған адамдардың барлығы тойхана алып келетін салт бар ғой» /Қазақстың би - шешендері/. Тойға әкелген сый - сияпатты
"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Мына қасқа... Мына қасқа...
Қор болған жылдарым - ай, күндерім - ай! Асауға ауыздықсыз мінгенім - ай! Мына қасқа бәрін де біле тұрып, Мына қасқа бірін де білмеуін - ай!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×