ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: Кіндік шеше
10.10.2021 1 164 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: Кіндік шеше

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры: Кіндік шеше
Кіндік шеше (әйел) – нәресте туғанда оныңкіндігін кескен әйел осылай деп аталады. Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады. Кіндік шешеге кіндік кескені үшін жылқы, сиыр тағы басқа мал, қымбат бұйым беріледі. Бала үшін кіндік шеше өте қадірлі адам. Оны өз анасынан кем санауға болмайды. Академик Қ. Сәтбаев басқа жаққа уақыт таппаса да кіндік шеешсіне жылына бір барып сәлем беріп, оның сыбағасы мен сый - сияпатын апарып беріп тұрған. Кіндік шешенің баланың өз шешесімен таласып, «бұл менің балам» деп айтысып жататын кездері де болады.
Тәлім - тәрбие, дәстүрде кіндік шешенің орны бөлек екенін ұмытпаған жөн және балаларға кіндік шешесін таныстырып қою керек. Бала кіндік шешеге де тартады. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: төркін Туыстық атаулар сыры: төркін
Төркін (туыстық атау) – ұзатылған (тұрмысқа шыққан) қыздың туыс - туғандары «төркін» деп аталады. Қыз үшін белгілі үш жұрттың бірі – осы төркін жұрт.
Туыстық атаулар сыры: Құдаша Туыстық атаулар сыры: Құдаша
Құдаша (әйел) – егделігіне немесе жастығына қарамастан бір рудың қыздары құда жағына «құдаша» болып саналады.
Туыстық атаулар сыры: қайын ене Туыстық атаулар сыры: қайын ене
Қайын ене (әйел) – әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» деп аталады. Бұлар күйеу бала мен келіннің екінші ата - анасы.
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды. Ұл туғанда – күн туар. Ұлға – отыз үйден
Кіндік кесу дәстүрі Кіндік кесу дәстүрі
Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік шеше болуды қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарханынан дәм
Туған жер Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×