ойын сауық отауы
Кіндік кесу дәстүрі
26.04.2017 3 046 0 Дауыл

Кіндік кесу дәстүрі

Бұл қызықты
Кіндік кесу дәстүрі.
Кіндік шешенің атқаратын міндеті.
1. Жүкті болған әйелді күту
Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік шеше болуды қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарханынан дәм тарттырады. Осыдан кейін екі үй арасында да қарым-қатынас жиілеп,, жарастық орнайды. Жүкті әйелді күтімге алады.

2. Босану кезінде басы-қасында болу
Толғақ мерзімі жақындағанда жеке үй дайындалады. От жағып, су жылытылады. Үйдің іші – сырты дүние мүлкі мұнтаздай тазаланады. Осы істердің, басы-қасында кіндік шеше ұйтқы болып, жүреді. Жүкті әйелді толғақ үстінде кіндік шеше демеп тұрады және олай – бұлай жүруіне де рұқсат етіледі.

3. Кіндігін кесу
Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қойған. Ер баланың кіндігін ырымдап «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырған. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. Оқымысты болсын деп кітаптың, ат құлағында ойнасын деп аттың жалына байлайды.

4. Балаға қамқорлық жасау.
Дүниеге келген сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырған. Бала ер жетіп ел қатарына қосылғанша кіндік шеше өз назарынан тыс қалдырмай әрдайым қамқор болып жүрген.

Сәби, балаға қатысты ырым - тыйымдар Сәби, балаға қатысты ырым - тыйымдар
Бос бесікті шайқама Құран сөзін қайтала, білмесе жұрт айта ма? Әлі бала жатпаған, бос бесікті шайқама. Ғибрат сөз ұққанға, үйге кіріп, шыққанда. Өліп
Жүкті болған келінді күту дәстүрі Жүкті болған келінді күту дәстүрі
Келіннің жүкті болғанын сезген ене «Атамыздың аруағы біліп, қолдап жүрсін» деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.
Ғабит Мүсіреповтің батасы Ғабит Мүсіреповтің батасы
Балаңның басы үлкен болса, Милы болсын - жақын елдерге сыйлы болсын.
Ең сұлу әйел Ең сұлу әйел
Жәйлап қана салып көр жанар ұшын, Болмысы оның тым бөлек, дара мүсін. Жер бетіне тіршілік таратушы, Жер бетіне жаралған Адам үшін! Жүрісі де өзгеше,
Ескі әнді, шеше, қозғама! Ескі әнді, шеше, қозғама!
Босқанда - ел - жұрт боздаған! Ескі әнді, шеше, қозғама! Елестеп маған өтеді: Кұлазып жатқан боз дала,
Туған жер Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×