ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
25.10.2020 1 373 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: ұл, немере

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды.
Ұл туғанда – күн туар.
Ұлға – отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.
Немере (ер / әйел) – ұлдың баласын «немере» дейді. Немере ата, әже үшін ыстық. Көбінесе олар тұңғыш немересін бауырына салып, «өз балам» деп өсіреді.
Немере қанша жақсы көргенмен өз баласындай болмайды, өз балаңның көрсететін қызметін жасай алмайды. Өйткені оның өз әке - шешесі бар. Ол алдымен төл міндетін өз әке - шешесі алдында атқаруға тиіс.
Немере етіп жеп, сүйегін береді.
Шөбере (ер / әйел) – немеренің баласы. Қарт адамдар үшін бұл ұрпақтың орны мүлде басқа. Қазақта «Шөберенің қолынан су ішкен адам тозақ отына күймейді» деген сөз бар. Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене» деп аталады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: апа (әйел) Туыстық атаулар сыры: апа (әйел)
Апа (әйел) – бірге туған және туыстардың жасы үлкен қыздары оның інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» болады. Бұлардан апаның жолы үлкен және
Туыстық атаулар сыры: аға, іні Туыстық атаулар сыры: аға, іні
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі.
Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар
Бір ата - анадан туған ұл, қыздар, ағалы - інілілер мен апалы - сіңілілілерді бір сөзбен ағайындылар дейді. Ағалы - інілілердің балалары да бір -
Туыстық атаулар сыры Туыстық атаулар сыры
Әже (әйел) – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы
Ата және немере Ата және немере
Ата менен немере Аяқталмас бір дастан. Екеуіне не керек Егілмесе нұрлы аспан!
Жеті ата Жеті ата
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×