ойын сауық отауы
Қолды жуған соң сілкіме
31.10.2021 5 047 0 Admin

Қолды жуған соң сілкіме

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді
Қолды жуған соң сілкіме
Бірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса:
– Әй, Ібіліс, мынаның барлығы балаларың ба? – деп сұрайды.
– Иә, балаларым.
– Не деген көп! Қалай өсіп, көбейгенсіңдер? – деп таңғалады. Сонда Ібіліс:
– Кей адамдар қолын жуған кезде сілкілейді. Сілкігенде шашыраған әр тамшыдан менің балаларым пайда болады. Адам қолын жуғанда «сүлгімен сүртпей сілкісе екен» деп тілеп тұрамын, – депті.
Ібілістің жауабын естігенде Ғайсаның жүрегі дір ете қалыпты. Содан бастап ол: «Жуған қолды сілкімеңдер», – деп үгіт - насихат етіпті.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ібіліс пен Нұх Ібіліс пен Нұх
Ібіліс кемеге мінген соң, әркімді азғырып, бүлік шығарып жүреді. Бірде ол қорапта жатқан жүзім ұрығын ұрлап алады. Нұх іздесе, жүзімнің дәні орнында
Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар (с. а. с.) сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек
Ібілістің балалары Ібілістің балалары
Тәңірі тағала Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, Адамды айналып қарап көрді.
Бүйіріңді таянба Бүйіріңді таянба
Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Бірде құлшылық уақыты таяғанда ол ұлдарын ертіп мешітке келеді. Халық жиналып үлгермепті.
Жезөкше атауы Жезөкше атауы
Ібілістің о баста өкшесі болған екен. Ібіліс қарғыс қамытын киген соң, ерлі - зайыптылардың арасына от салып, араздастырып, ажыратып жіберуді кәсіп
Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме
Бірде төрт шадиярдың бірі – Әубәкір дәретханаға кірсе, бұрышта қолында құрығы бар Ібіліс отыр екен. Әубәкір: – Ей, малғұн, мұнда неғып отырсың? – деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×