ойын сауық отауы
Ібіліс пен Нұх
22.10.2021 1 026 0 Admin

Ібіліс пен Нұх

Аңыздар
Пайдалы кеңес
Ібіліс пен Нұх
Ібіліс кемеге мінген соң, әркімді азғырып, бүлік шығарып жүреді. Бірде ол қорапта жатқан жүзім ұрығын ұрлап алады.
Нұх іздесе, жүзімнің дәні орнында жоқ. Хайуандардан сұраса, ешқайсысы көрмеген.
Ол:
– Ібіліс, жүзімнің дәнегін алған сен бе? – деп сұрайды.
– Жоқ. Оны қайтем? Жүзімді торғай жеп отырған, – деп өтірікті соғып жібереді.
Барлық хайуан торғайға жабылады. Бейшара торғай «шыр - шыр» етіп, жаны қалмай ақталады. Оны ешкім тыңдамайды. «Торғайдай жаны қалмай шырылдады» деген сөз содан қалыпты.
Нақақтан нақақ жалалы болғанына ызаланған торғай булығып жылап жібереді. Нұх оған сенеді. У - шу басылады. Көз жасын көрген соң, жануарлар да райынан қайтады.
Нұх Ібіліске:
– Әй, малғұн, дәнекті қайтар, әйтпесе жағдайың қиын болады, – дейді. Ібіліс:
– Берем, бірақ шартым бар, – дейді.
– Айт шартыңды.
– Ертең жүзім қайта егілгенде, маған үш рет суғаруға рұқсат ет. «Жоқ» десең, жұтып қоямын, – деп қорқытады.
– Рұқсат.
Ібіліс ұрықты қайтарады.
Су басылып, жер құрғап, жүзім егілетін күн туады. Нұх Ібілістің алдын орап, жүзімді пейіштегі «Ранжбибил» және «Салсабил» өзендерінің суымен екі рет суғарады. Кезек Ібіліске тигенде, бірінші түлкінің кіші дәретіне, екіншіде иттің, үшіншіде шошқаның дәретіне өзінің дәретін қосып суғарады.
Нұх бірінші Салсабил бұлағымен суғарғандықтан, жүзімге дәмді шырын бітеді. Ранжбибил бұлағымен суғарғандықтан, кепкен кезде мейізге айналады. Ібілістің қолы тигендіктен, жүзім жемісі сәл ашыса, мас қылатын шарапқа айналады. Шарапты ішкен кісі түлкіге ұқсап, жәдігөйленеді. Көп ішсе, итке ұқсап, ырылдасып, шайнасады. Есінен танып ішсе, шошқа сияқты батпақта аунап жата береді.
Нұх пайғамбар жүзімді бірінші боп суғарғандықтан, оның жемісі, алдымен, адал боп піседі. Шырыны ашыса, арам суға айналады. Пейіштің суы тигендіктен, жүзімге ерекше қасиет бітіпті. «Егер кімнің үйінде мейіз болса, сол үйде періштелер жүреді» деген сөз Нұх пайғамбардан қалыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ібілістің балалары Ібілістің балалары
Тәңірі тағала Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, Адамды айналып қарап көрді.
Жезөкше атауы Жезөкше атауы
Ібілістің о баста өкшесі болған екен. Ібіліс қарғыс қамытын киген соң, ерлі - зайыптылардың арасына от салып, араздастырып, ажыратып жіберуді кәсіп
Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме
Бірде төрт шадиярдың бірі – Әубәкір дәретханаға кірсе, бұрышта қолында құрығы бар Ібіліс отыр екен. Әубәкір: – Ей, малғұн, мұнда неғып отырсың? – деп
Иттің пайда болуы туралы аңыз Иттің пайда болуы туралы аңыз
Алла Тағала адамның тәнін топырақтан жаратарда Әзірейілді жұмсап, «Жердің бетінен әртүрлі топырақ алып кел» дейді. Періште ұшып жүріп, жер бетінен
Торғайдың үш өсиеті Торғайдың үш өсиеті
Бір торғай жем іздеп жүріп құсшының құрған торына түседі. Қолымен қыса ұстаған құсшыдан құтылудың амалын іздеген торғай: - Мені жібер. Кішкентай
Торғай Торғай
Торғай, торғай, тоңдың ба? Тұра алмайсың орныңда. Бір қонасың, бір ұшып, Дірілдейсің бүрісіп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×