Күнге де қарап болжайық
Салт-дәстүр
Рухани - танымдық сүрлеулер
Күнге де қарап болжайық
Күн – қасиетті аспан денесі болып саналады.
Бабалар күн арқылы да күн райын болжап келген. Айталық:
Таңертең аспан ашық, күн ақшылтым, сәулесі өте өткір болып келсе, күн райы бұзылмай, күн жақсы боларын білген.
Таңертеңгі күн күндегісінен үлкендеу көрініп, қызыл күрең өңге боялып, сәулелері жоғары шашырап тұрса, сол жылы жаз жауынды, қыс қарлы болады деп күткен.
Күн шыққанда және батқанда да екі жағынан бірдей тік сәулеленіп өңді болып көрінсе, кешікпей күн суытады.
Күн батарда әр жерінен шоғырланған сәулелер көрініп, шарбы бұлт тәрізді сәулеленсе, күн райының бұзыларын білген.
Күн күлгінденіп батса, күшті жел болу белгісі.
Күн шығар алдында бұлыңғыр болса, бұл күні тұмша ыстық болады деп күткен жөн.
Күн батарда күлгін, алтын түсті болып, артынша жасыл күлгінге айналып батса, ертесіне түн салқын болып, күн жайлы, жауын - шашын болмайтындығын болжаған.
Күн құлақтанар болса, күн суытып, боранды немесе аязды күндер келерін білген.
Күн кешке құлақтанып батса, ертеңіне күн райы жақсармақ.
Күн батар кезде, аспан бұлтты болғанмен де, аспанның оң жағы бұлтсыз болса, күн бәрібір ашық боларын тұспалдаған.
Күн қызарып батса, ертеңіне аспан ашық, жайлы күн болады.
Күн бұлттың ар жағына барып қызарып батса, жазда жауын жауып, қыста боран соғарының белгісіне балаған.
Күн батарда, бұлттар бытыраса, түнде жауын жаумақ.
Күн үш күн бойы қорланып көрінсе, жел күшейіп, аспан түнеріп, жауын - шашын боларын, қыста қар боларын күткен.
Қорланған сәуле шеңбері азайса, кешікпей жауын жауарын, үлкейсе, жауын кешеуілдеп сейілерін білген.
Күн батарда көкжиектен қызыл шапақ атып, ашық болса, күн райы жылы боларын білген.
Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтерілерін күткен.
Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертесіне ыстық боларын болжаған.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Ат құлағы көрінбейтін ақыра келген ақ боранның күш алатын кезі – ақпан. Ақпандағы күндердің райы өте құбылмалы, аумалы - төкпелі болғандықтан, ақ
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Ең қатал әрі суық ай саналатын қаңтарды – күннің тұқырып, қаңтарыла байланып, ары қарай қысқармайтынын ескеріп, қаңтар атағаны белгілі. Қаңтар қысты
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Айдың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар бес - он күндік жауын - шашынды амал, «Бес тоғыстың бет жуары» болады. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ,
Ауа қысымының түрленуінен болып тұратын ауа
Атмосфера қабатында қысымның бірқалыпты болмауынан неше түрлі ауа ағымдары болып тұрады. Оның бірі – кәдімгі жел
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап,
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ: Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын
Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды
Ара ұясына кеш қайтқанмен, топталып жиналып, ұяға таласа қатты гуілдесе, жаңбырды күткені, ұяларынан ұзамастан төңіректеп ұшып жүретін болса, күн