ойын сауық отауы
Ауа қысымының түрленуінен болып тұратын ауа ағымының құбылыстары
20.10.2020 1 648 0 Admin

Ауа қысымының түрленуінен болып тұратын ауа ағымының құбылыстары

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Ауа қысымының түрленуінен болып тұратын ауа ағымының құбылыстары
Атмосфера қабатында қысымның бірқалыпты болмауынан неше түрлі ауа ағымдары болып тұрады. Оның бірі – кәдімгі жел. Желдің де бірнеше түрі бар. Оларға тоқталар болсақ:
Азынау жел – гуілдей соғар аңқыма жел.
Аңызақ жел – жаздағы тым жылы әрі құрғақ жел.
Алтын күрек – оңтүстіктен соғып, қарды ерітетін жылы жел.
Баяу жел – лебі бәсең соғатын жел.
Жайдақ жел – жауынсыз, шаңсыз баяу соғатын жел.
Жатаған жел – төмендеп жер бауырлап ескен жел.
Желең жел – баяу соғар жел.
Желемік немесе жеңіл жел – әлсіздеу солғын жел.
Жоғары жел – биіктен үйірілген жел.
Ескек еспе жел – есе соққан желпінді жел.
Заулама жел – іркілмей соғар екпінді жел.
Керімсал – оңтүстіктен шілдеде соғатын аңызақ жел.
Қара жел – бұлтты күнгі ызғарлы жел.
Қарыма жел – бек қаритын өткір жел.
Қара құйын – топырақ пен құм боратқан жел.
Қоңыр, майда, самал жел – майда, қоңыр салқын жұмсақ самал.
Қызыл жел – аңызақ ыстық жел.
Мырза жел – жанға жайлы қоңыр жел.
Өкпек жел – көктемде соғар ызғырық жел.
Өксік жел – ышқына соғар қатты жел.
Өтпе жел – ашық жерден алмакезек есіп өтетін жел, желорай.
Салқын жел – ызғарлы күзгі жел.
Сары жел – тынымсыз соққан жел.
Тентек жел – ала құйын есер жел.
Теріскей жел – терістіктен ескен салқын жел.
Үрме жел – екпіндей басылып соғар жел.
Үскірік жел – күзде, қыста соғар суық жел.
Ызғырық – өңменнен өтер ызғарлы үскірік жел.
Ықтырма жел – бет қаратпас суық жел.
Ыстық жел – оттай аптап жел.
Жел оңтүстіктен ұзақ соғып, бағытын шығысқа өзгертсе, күн райы оңалады.
А бағытын батыстан соға өзгертсе, күн райы бүлінеді.
Жаз желді болса, қыс боранды болар. Жаздағы аңызақ, қыста ызғырық болып келеді.
Сондай - ақ, желден күшті, дауылдан әлсіз соғатын құбылыстардың бірі – боран. Боран көбінде жауын, қар жауар алдында соғады.
Боранның да түрі көп. Олар:
Ала қаншық – бәсеңси, қайта ұйытқып соғатын боран.
Ала құйын – астан - кестең ұйытқыған боран.
Боранды жел – бұрқырай, ысқыра, ұйытқып соғады.
Борасын – қиыршықтап борайтын сырғыма боран.
Бұршақты боран – бұршақ аралас бүлдіргіш, ысқырықты жел.
Бұрқасын – қарды суырып, ұйытқыта соғар бұрқақ.
Сырма – сусымалы бұрқақ боран.
Жаяу боран – үрпек қарды үретін еспе боран.
Жаяу борасын – жаяу бораннан ақынырақ соғады.
Жаяу бұрқасын – бәсең боран.
Тас боран – тас пен топырақты суырып соғатын қаһарлы жел.
Түтек – алай - түлей ызғарлы боран.
Көк дауыл – аязды қарлы боран. Ақ жорға, ақ дауыл да дейді. Күшті соқса – қарлы боран, ал баяу қарды үрлей соқса, ақ жорға атаған.
Шаруалар қарлы боранды қауіпті құбылысқа жатқызып, алдын - ала болжап, малдарын ықтасынға жайып сақтанып отырады.
Қарлы боранға қарап, сол жылғы қыс мезгілі мен басқа да уақыттардағы күн райын күні бұрын болжауға болады.
Бораннан да күшті құбылыстың бірі – дауыл.
Дауыл – борандата шаңдатқан, алай - дүлей осқырған жел.
Дауылды жел – ол ебі жел.
Қара дауыл – шаң - топырақты көтерер сойқанды жел.
Сонан соң ауа қысымының әр түрлі әсерінен болатын құбылыстың бірі – құйын.
Құйын – үйіріле, ұйтқып соғатын, жердегіні көкке үйіре көтеріп әкететін өте екпінді жел. Құйын – суық ауа мен жылы ауаның қосылуынан пайда болар, табиғи құбылыс.
Дегенмен де, олар күн райының өзгерісіне қарай соғатын, тіршілікке көп зиян тигізетін құйындарға да мән беріп келген. Айталық, құйынға қарап та күн райын болжап, құйынды жаздың қатал қыс әкелерін білген.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар: Мырза
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Айдың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар бес - он күндік жауын - шашынды амал, «Бес тоғыстың бет жуары» болады. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ,
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді болжай аласың Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап,
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ: Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын
Келе жатам Алматыға жаяулап Келе жатам Алматыға жаяулап
Келе жатам Алматыға жаяулап, Келе жатам, арман қуып, ой аулап. Жапырағын баяу ғана қозғайды, Ұйықтамаған, ұйықтамаған ояу бақ.
Маған соққан самал жел, басқаға да соғады, Маған соққан самал жел, басқаға да соғады,
Маған соққан самал жел, басқаға да соғады, Маған келіп бақ қонса, басқаға да қонады, Мендегі бар ұлылық, басқаларда болады, Қандай ғана қақым бар,
Зар Зар
Күз жетіп, жердің жүзі солғын тартса, Алтын күн нұры кеміп, салқын артса, Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап Сексенде селкілдеген байғұс қартша.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×