ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Үһлеме
23.03.2022 650 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Үһлеме

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді: Үһлеме
Ертеде бір жігіттің қарт шешесі болыпты. Шешесі ауырып, төсек тартып жатып қалады. Жігіт отын шауып, оны қалаға сатады екен. Шешесі күнде баласының қамын ойлап, төсекте отырады. Баласы кешке үйге келгенде:
– Балам, шаршамадың ба? – деп сұрайды екен. Баласы шаршаса да, білдірмей:
– Шаршағаным жоқ, апа! – деп жауап береді. Бұл сөз ауру шешесіне кішкене де болса қуат берді екен.
Бір күні баласы жұмыстан шаршап келеді. Жанына батқан ауырлығы шаршатты ма, баласы ошақтың жанына жылынып отырып, аһлап - уһлейді. Шешесі ұлының қатты қажығанын сезеді. Баласының жағдайы жанына батқан шешесі ұлын түнімен уайымдап, жүрегі қысыла бастапты. Баласы еш шара жасай алмай отырып қалады. Таң ата шешесі сары уайымнан жантәсілім болыпты. Баласы анасының жүрегіне қайғының дертін салғанына өкініп, өкіріп жылапты.
Содан бері ата - анаңның жанында отырғанда аһлап - уһлеуге болмайды, олардың жанына батады деген тыйым пайда болыпты.
Екінші бір аңызда Мұхамбет пайғамбар дүниеге келген кезде Ібіліс «аһ - уһ» деп күрсініп, қайғырған екен деп айтылады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесікке бөлеу дәстүрі Бесікке бөлеу дәстүрі
Бесік Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында дүниеге келген деседі. Ол кезде ұлан - байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен.
Туыстық атаулар сыры: қайын ене Туыстық атаулар сыры: қайын ене
Қайын ене (әйел) – әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» деп аталады. Бұлар күйеу бала мен келіннің екінші ата - анасы.
Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба
Әбілет пен Тәбілет жағын таянса, жер беті алай - дүлей болып, астан - кестеңі шығып жамандық атаулы жанына жиналады екен. Осыдан бастап ел ішінде
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды. Ұл туғанда – күн туар. Ұлға – отыз үйден
Саусақты сықырлатпа Саусақты сықырлатпа
Ібілістің әке - шешесі Әбілет пен Тәбілет құлшылық кезінде таңдайын қағып, оғаш дыбыс шығарады екен. Ал тәспі тартқанда саусақтарын сықырлатады екен.
Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×