ойын сауық отауы
Жеке атаулар мен іліктік сөздер: қолбала, қатын
10.04.2022 461 0 Admin

Жеке атаулар мен іліктік сөздер: қолбала, қатын

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры
Жеке атаулар мен іліктік сөздер
Қолбала (әйел) – бұрынғы кездерде біреулер туыстық жақындығы жоқ жетім қыздарды асырап, тәрбиелеп өсірген, әртүрлі үй жұмысына пайдаланған. Оны қолбала деп атаған. Ол өсіп, бой жетіп, кәмелетке толған соң асыраушы адам өзінің інісіне, баласына әйелдікке әперген.
Қатын (әйел) – әйел деген сөздің аттасы. Қазақ кейде Пәлеңшекеңнің әйелі дегенді Пәлеңшекеңнің қатыны деп те айта береді. Ерсілеу естілгенімен ертеректегі түркі ұғымында хан, ақсүйектер әйелдеріне ғана тән құрметті атау болған. Мысалы, ертедегі Орхон - Енисей түркі ескерткішінде анам - қатын деген мақтау жолдары бар. ХІІІ ғасырда Орта Азияда тұрқан қатын деп аталған әйелдер падишасы болған. Татарстанның әйелдерге арналған көркем - әдеби журналдың аты «Азат Қатын».
  • Айлас қатын – мұңдас.
  • Жақсы қатын – зейнет,
Жаман қатын – бейнет.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: жар, жұбай Туыстық атаулар сыры: жар, жұбай
Жар. Жұбай (ер, әйел) – ер адамның әйелі, әйелдің күйеуі – оның жары немесе жұбайы деп аталады.
Туыстық атаулар сыры: келіншек Туыстық атаулар сыры: келіншек
Келіншек (әйел) – тұрмысқа шығып бір - екі бала туған жас әйел. Кей жерлерде жігіттер әйелін келіншегім деп таныстырады. Келіншек – деген сөз өте
Туыстық атаулар сыры: Жесір Туыстық атаулар сыры: Жесір
Жесір (әйел) – күйеуі қайтыс болған әйелді айтады. «Жетім бала, жесір қатын» деген сөз тіркесі осыдан шыққан.
Туыстық атаулар сыры: бай Туыстық атаулар сыры: бай
Бай (ер) – күйеуі, ері деген сөздің орнына қолданылатын ежелгі атау. Қазір замандас, құрдас әйелдер бір - біріне әзіл ретінде «сенің байың», «менің
Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2 Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2
Қатыны өлген Қызды ауылға қарап жылайды.
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×