ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: шал, кемпір
23.10.2022 707 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: шал, кемпір

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры
Жеке атаулар мен іліктік сөздер
Шал (ер) – жасы жеткен, қартайған ер адамның жалпы атауы. Мұндай кісілерді ақсақал, үлкен кісі, қарт деп атаған жөн. Шал деу әдепке жатпайды, бірақ біреуді көтермелеп сөйлегенде «ой, шалың - ай!», «шалдың баласы ғой!» деуіне ешкім ренжімейді, қомашаулық жасамайды.
  • Шалдың сөзі – шалғыш.
  • Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең,
Үй сыртында төбе болса – ерттеп қойған атпен тең.
  • Отыз ұлым болғаныңа – опырық шалым болсын.
Кемпір (әйел) – жасы жеткен, қартайған ана деген сөз. Жұрт әже, ана деп ардақтайды. Кемпір деп атауға болмайды, бұл ол кісілер үшін ауыр сөз әрі әбестік болып саналады.
  • Бір кемпірді бір кемпір келіншек дейді.
  • Пері білмегенді кәрі біледі.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: келіншек Туыстық атаулар сыры: келіншек
Келіншек (әйел) – тұрмысқа шығып бір - екі бала туған жас әйел. Кей жерлерде жігіттер әйелін келіншегім деп таныстырады. Келіншек – деген сөз өте
Жеке атаулар мен іліктік сөздер: бозбала Жеке атаулар мен іліктік сөздер: бозбала
Бозбала (ер) – жасы 14 - 16 - ға толған жас өспірімді бозбала дейді. Бұл балалық пен жігіттіктің арасындағы өтпелі балғын шақ.
Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық
Қалыңдық (әйел) – күйеуге атастырылған, бірақ та оң жақта (өз үйінде) отырған бойжеткенді осылай атаған. Дала заңы бойынша, атастырылған, яғни құда
Туыстық атаулар сыры: төркін Туыстық атаулар сыры: төркін
Төркін (туыстық атау) – ұзатылған (тұрмысқа шыққан) қыздың туыс - туғандары «төркін» деп аталады. Қыз үшін белгілі үш жұрттың бірі – осы төркін жұрт.
Туыстық атаулар сыры: бойдақ Туыстық атаулар сыры: бойдақ
Бойдақ (ер) – кәмелетке толған, бірақ үйленбеген адамды бойдақ дейді. Мұндайларды салт атты, сабау қамшылы дей салады.
Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық
Қалыңдық (әйел) – күйеуге атастырылған, бірақ та оң жақта (өз үйінде) отырған бойжеткенді осыла атаған. Дала заңы бойынша, атастырылған, яғни құда
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×