ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханада түкірме
23.10.2022 495 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханада түкірме

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханада түкірме
Шайқы Бұрқы бірде Ібілісті көріп қалады.
– Әй, малғұн! – дейді оған дауыстап, – осы сен адамды азғыруыңды қашан тоқтатасың?
– Мен оны өлгенше азғыра беремін, әлсіздердің иманын алмай қоймаймын. Мен үшін ең қолайлы сәт – өлім сәті, – депті. Шайқы Бұрқы:
– Не үшін олай дедің?
– Пенденің ақтық демі тақағанда, оны шөл қысады. Бірақ, қасындағы ет - бауыр жақындары науқастың бұл халінен бейхабар болады. Сол кезде иманды ұрлауға мен келемін. Бір тамшы суға зәру болып, қаталап жатқан бейшараға кесе толы суды көрсетемін. «Алла жоқ, пайғамбар жалған» деп айтсаң, мына суды беремін», – деп алдаймын. Егер оның сенімі әлсіз болса, менің дегеніме көнеді. Иманын бір кесе суға айырбастайды.
– Малғұн, бір кесе таза суды саған кім береді? – деп сұрайды.
– Менде таза су жоқ. Кеседегі су – оның өмір бойы әжетханаға түкірген өз түкірігі. Әжетхана менің үйім болғандықтан, мен оның бәрін жинап сақтаймын. Иманын сатқан сәтте түкірігін бетіне шашып жіберемін, – депті шайтан.
Шайқы Бұрқының тұла бойы түршігіп кетеді. Содан бастап «әжетхана ішінде түкіруге болмайды» деген тыйым қалыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханада сөйлеме Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханада сөйлеме
Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі: – Ұлым, дәретте
Салт - дәстүр сөйлейді: Бақыттың тұрағы Салт - дәстүр сөйлейді: Бақыттың тұрағы
Бір күні Қызыр ата жолаушылап келе жатып Бақытты кездестіреді. Ол: – Әй, Бақыт, мен ел ішін аралаймын, пенденің тілегін Құдайға жеткіземін.
Салт - дәстүр сөйлейді: Кісіге қарап есінеме Салт - дәстүр сөйлейді: Кісіге қарап есінеме
Ертеде Мұхамбет пайғамбар сахабаларымен сұхбаттасып отырыпты. Жүрек көзімен қараса, жандарында Ібіліс те жүр екен. Пайғамбар одан: – Әй, малғұн,
Қолды жуған соң сілкіме Қолды жуған соң сілкіме
Бірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса: – Әй,
Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар (с. а. с.) сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек
Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме
Бірде төрт шадиярдың бірі – Әубәкір дәретханаға кірсе, бұрышта қолында құрығы бар Ібіліс отыр екен. Әубәкір: – Ей, малғұн, мұнда неғып отырсың? – деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×