Салт - дәстүр сөйлейді: Асты сынап - мінеме!
Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді: Асты сынап - мінеме!
Бірде Ібіліс Алла тағаланың әділдігін сынамақ болып:
– Уа, Тәңірім, сен – әділетті шеберсің. Дүниеде бар заттың орнын белгіледің. Артық - кем етпедің. Әділдігіңде шек жоқ. Бірақ жерге қазық қағылғанда оның орнындағы топырақ қайда кетеді? – деп сұрайды. Хақ тағала:
– Кімде - кім біреудің үйінде мейман болып, берген асын жемей тыжырынып, астамсыса, соның аузына құйылады, – дейді.
– Мейман риза болса ше?
– Онда қонаққа оң қабақ танытпаған үй иесінің аузына құйылады.
– Үйдің иесі де, қонақ та риза болса ше?
– Онда қазықтың орнындағы топырақ сенің аузыңа құйылады, – депті Құдай. Ібіліс аузынан қағынып, жүгіре жөнеліпті.
Содан бастап адам алдына келген асты сынап - мінемейтін болыпты.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемісті жеп, жұмақтан қуылады. Алланың әмірімен періштелер Адам атаның басындағы тәжінен бастап інжу - маржан

Бірде Шайқы Бұрқы Аллаға: – Уа, Тәңірім, осы сенің де өлетін кезің бола ма? – деп сұрапты.

Ертеде Мұхамбет пайғамбар сахабаларымен сұхбаттасып отырыпты. Жүрек көзімен қараса, жандарында Ібіліс те жүр екен. Пайғамбар одан: – Әй, малғұн,

Бірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса: – Әй,

Бірде төрт шадиярдың бірі – Әубәкір дәретханаға кірсе, бұрышта қолында құрығы бар Ібіліс отыр екен. Әубәкір: – Ей, малғұн, мұнда неғып отырсың? – деп

Қызыр ата бірде Әзірет Сұлтанға қонаққа келеді. Яссауи бабамыз шәкірттерін отынға жұмсайды. Жолда жаңбыр жауып, әкелген отынның бәрі су болады.