
Жазира Байырбекова - Қыз бақыты
Бейне клиптер
Білерсің, арудың еркі кімде,
Сынбасын жарыңның серті мүлде,
Өзіңнің үйіңе қадам бастың,
Құлыным, қонақ едің төркініңде.
Қайырмасы:
Ақботам, Ал енді, қош аман,
Жар болсын өзіңе Жасаған!
Күтіп тұр, әнекей, қосағың,
Күтіп тұр, жанұяң, босағаң!
Қызығып, көркіңе жүз қарадым,
Тағдыры осындай қыз баланың,
Ақ бесік тербету нәсіп етсе,
Жасарсың, ананың ізгі амалын.
Бағыңа сүйсініп, таңдай қақшы,
Еліңе судай сің, балдай батшы,
Әлпештеп өсірген перзентіңнің,
Бақытын тапқаны қандай жақсы.
Қайырмасы:
Ақботам, Ал енді, қош аман,
Жар болсын өзіңе Жасаған!
Күтіп тұр, әнекей, қосағың,
Күтіп тұр, жанұяң, босағаң!

Сезімнің пәктігін берсін, Көңілдің ақтығын берсін. Берекелі отбасыңа Сәбидің шатты үнін берсін,

Ер болсаң, ем бол! Ел сүйсінер бел бол! Ер жүрек екпінді, Ел бастаушы сен бол!

Айналайын, құлыным! Ғұмырымдағы тынысым! Маңдайымдағы ырысым, Тілегімізді ақтасаң, Әрқашанда ірісің.

Өмірің таңдай болса арайлаған, қатыгез қараулыққа жолай ма адам? Біреуді жақсы көрген қандай жақсы - нұрланып кетеді екен бар айналаң!

Жазира, жасыл кілем өрнектеген, Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем, Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.