Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрақ құрау арқылы логикалық ойлауды дамыту

19 қараша 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Камен Абилхайдарқызы Курманова
Благодарное орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі.
Келді – Мурат ауылы
Үржар ауданы Ш.Қ.О.

Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде, технология сабақтарында халық қолөнеріне үйрету арқылы тәлім – тәрбиені жас өспірім бойына сіңіру зор маңызға ие. Ұлттық қолөнер бұйымдарын сабақта пайдалану халық өнеріне баулиды, сабақтың тәрбиелік мәнін арттырады. Технология сабағында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін қалыптастыру, еңбек етуге баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт - дәстүрлерді білуге тәрбиелеу – қазіргі өмір талабы.

Ертеден келе жатқан тамаша тарихымен бірге өзіндік қайталанбас ерекшелігімен көзге түсетін қазақ халқының қолөнері жас ұрпақты тәрбиелеуден үлкен мәнге ие болуда. Баланы қолөнерге баулу және оған қызықтыру үшін алдымен оған үлгі алатындай жағдай туғызу, оның қыр – сырымен таныстыру және құпиясын ашып көрсету, яғни білім беріп, еңбек етуге баулу қажет.

Оқушылар алған білімдерін жадында сақтап қана қоймай, оны өмірмен байланыстыра білуге, жан – жақты ойлауға қабілетті болуы тиіс. Баланың түрлі іс – әрекеттерінің нәтижесінде ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан өрістейді. Оқушылар іс – әрекеті негізінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы логикалық ойлау қабілетін арттырады.

Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – мұғалімнің міндеті. Сабақ барысында жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Мысалы, логикалық ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан тұрады: талдау, жинақтау, салыстыру, топтастыру, жалпылау,тұжырымдар жасау және тағы басқалар.

Сабақта ұлттық қолөнер туындыларын, салт – дәстүрімізді ұтымды пайдалана білсек, оқушылардың сабаққа, өз халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығуы арта түседі.

Өнердің басқа түрлері секілді құрақ құрау да оқушылардың ой – өрісі білімдерін жан – жақты дамытуға әсері мол. Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде ғана емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне және тұрмысымызға көрік берер сәнді бұйымдар: қолдорба, керме, аяққап, сандық жапқыш, т. б. жасауға пайдаланған. Құрақ – Қазақстанның барлық облыстарына тән өнердің бір түрі.

Ежелден халық шеберлері геометрияны оқымаса да, түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты пайдаланып, тұрмыста сән құрай білді, бірақ оның тек сәнділігіне қарамастан тұрмыста мата бөліктерін іске асыру нәтижесінде материалдың үнемді де болғанын қалады. Мысалы, құрақ құрауды тек қана қолөнер, технология сабақтарында ғана үйретіп қоймай, оны кез келген пәндермен байланыстыра үйретсе, баланың ой – өрісі және жеке пәнге деген қызығуы артады.

Сондай – ақ еңбек сабағында оқушыларды құрақ құрауға үйретуде, түрлі геометриялық фигуралардың басын құрастыру, үшбұрыштың қабырғасы немесе төртбұрыштың табанының бір – біріне тең болуы, өлшемі арасындағы байланыстылықты қажет етсе, ал құрақ композициясын құрастыру мен түстерінің үйлесімділігін табу үшін бейнелеу өнерінен білімдері пайдаланылады.

Сабақ барысында оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастырудың бірден – бір құралы ретінде де құрақ құрау өнерін үйретуге болады. Құрақ құрау үшін әр түрлі маталардың қалдығын пайдаланамыз. Құрақтың бүгінде қолданылып жүрген мынадай түрлері бар: қайшы құрақ, тырна қатар, қаттама құрақ, таңдай құрақ, алма құрақ, сегіз жапырақ, мүйіз құрақ, тұмарша, жұлдыз құрақ т. б.

Құрақ құрау арқылы логикалық ойлауды дамыту


Құрақты ақ, қара, көк сияқты негізгі түстердің үйлесімділігін таба отырып құрайды. Сабақ барысында құрақ құрауды үйрету геометрия,сызу, физика, бейнелеу өнері, биология, химия, тарих пәндерімен тығыз байланыста болады. Құрақтағы геометриялық фигуралар мен олардың қабырғасының ұзындығы келесі геометриялық фигураның табанына немесе қабырғасына тең келуі геометрия, математика пәндерімен, ал осы геометриялық фигуралардың сызбасын сызып, есептеп шаблон жасау сызу сабағымен тығыз байланыста.

Сондай – ақ, құрақ құрау үшін пайдаланылатын маталардың тоқылу айқаспаларын түсіндіру, олардың сызбаларын сызу, арқау желі жіптердің шатысуын анықтауда мата қасиеттері мен талшықтық құрамы жөнінде мәлімет беру кезінде сызу, биология, химия пәнімен, ал құрақ композициясының шешімін табуда бейнелеу өнерімен байланысты болды.

Қолданбалы өнер – құрақ құрау оқушыларды есептеу, бұрыштар өлшемдерін, өң – түс сабақтастығын жан – жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы. Жалпы білім беретін еңбекке баулу

бағдарламаларында оқушыларды құрақ құрауға үйрету бастауыш сыныптан басталады. Мұнда, олар күрделі құрақ композициясын қағаздан әзірлесе, жоғарғы сыныптарда мата қалдықтарынан құрайды.

Құрақ тігу барысында оқушылардың төзімділігі, еңбек сүйгіштігі, Шеберлігі, эстетикалық талғамы артып, логикалық ойлау қабілеті қалыптасады.

Құрақ құрау арқылы логикалық ойлауды дамыту
15 311
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық қолөнері
Қазақтың ұлттық қолөнері
ШҚО, Үржар ауданы, Қаратал орта мектебінде технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Жунусов Марат Садырбайұлы
Сіріңке талынан қылқобыз жасау
Сіріңке талынан қылқобыз жасау
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький орта жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы: Елюбаев Мадияр, Жылқыайдаров Рустам Жетекшісі: Бейбіт Маратұлы Муканалиев, технология пәнінің мұғалімі
Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы баланың шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту
Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы баланың шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің технология пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Құрақ құрау әдісі
Құрақ құрау әдісі
№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Технология пәнінің мұғалімі Тұңғатарова Мирамгүл Қуанышовна
Технология сабағында оқушыларды кәсіпке бағдарлау
Технология сабағында оқушыларды кәсіпке бағдарлау
Технология сабағында оқушыларды кәсіпке бағдарлау
Сулықтарды бүктеу және дастарханды жабдықтау әдісі
Сулықтарды бүктеу және дастарханды жабдықтау әдісі
ШҚО, Үржар ауданы, Келді-Мурат ауылы Благодарное орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Камен Абилхайдарқызы Курманова Мақсаты: Білімділік: Дастарханды жабдықтай отырып, сулықтарды бүктеу тәсілдерін үйрену.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×