Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тауық пен балапан

22 қаңтар 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Тауық пен балапан
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу.
Мақсаты: жеке бөлшектерді біріктіре отырып, тауықтың балапанын мүсіндеуді үйрету; қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамдарын және тілдерін дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: ермексаз, тақтайша, сулық, үйлестірмелі материалдар, үй құстарының суреті, ойыншық балапан.
Сөздік жұмыс: үй құстары.
Билингвальды компонент: тауық - курица, балапан - цыпленок, үй құстары - домашние птицы.

Мотивациялық - қозғаушылық
Педагог үнтаспаны қояды.
- Балалар, балабақшаға біреу келген тәрізді. Естисіңдер ме, ат тұяғының тықылдағанын? Біреу бізге атпен келген тәрізді,
- Есікті ашып қарайық
О, бізге сыйлық тастап кетіпті, қасында хат бар.
Хатты тауық жазыпты.
Хатты оқиды:
«Балалар менің балапандарым адасып кетті. Менің соларды іздеп табуға көмек бересіңдер ме? Мен сендерден көмек күтемін!»деп жазылған екен хатта.
- Балалар, тауыққа балапанын табуға көмектесеміз бе?
Педагог балапан ойыншықты көрсетіп:
- Осындай әдемі балапандар
жасасақ қайтеді?
- Балапанның басы қандай?
- Денесі ше?

Ұйымдастырушылық - Ізденістік

Сөздік жұмыс: үй құстары:
- Үй құстарын адамдар өсіріп, күтеді, үй жағдайында ұстайды.
Қорада тұрады. Жем жейді.
Саусақ жаттығулары:
Бір, екі, үш төрт, бес,
Шықты саусақ серуенге.
Бір саусағым билеп кетті,
Бір саусағым секіріп кетті.
Бір саусағым сәлем берді,
Бір саусағым ойнап кетті,
Бір саусағым ұйықтап кетті
Шаршамаңдар саусақтар,
Мүсіндеуге шығыңдар..

Билингвальді компонент:
тауық – курица, балапан – цыпленок, үй құстары - домашние птицы.
Алдымен балапанның денесі жасаймыз, денесі алмұрт тәрізді. Дөңгелек бір шетін қолмен созу арқылы балапанның құйрығын шығарамыз. Басын кішірек дөңгелек қылып жасаймыз шымшу арқылы тұмсығын шығарамыз. Басы мен денесін біріктіреміз. Қанатының орнын сызып көрсетеміз.
Аяқтарын жасап, оны да біріктіреміз.

Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Педагог балалардың жұмыстарына сипаттама береді.
- Балалар тауық қатты қуанып қалды. Сендерге ризашылығын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: бірнеше бөлшекті біріктіріп, біртұтас пішін жасайды.
Түсінеді: үй құстарының пайдасы туралы; мүсіндеу тәсілдерін.
Қолданылды: оқу қызметі барсында алынған дағдылары.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутино ауылы,
"Ақбота" балабақшасының бейнелеу өнерінің жетекшісі
Сактаганова Света Келдибаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 059
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Үлпілдек жүнді балапан» жапсырып үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Үй құстары
Үй құстары
Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, тауық оның пайдасы туралы түсініктерін молайту. Балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Үй құстары (тауық, балапан)
Үй құстары (тауық, балапан)
Балаларға тауық пен балапанмен таныстыру. Үй құстарының тіршілігі туралы түсінік беру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Тілдерін дамыту.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Тауық пен балапандары
Тауық пен балапандары
Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×