Білімділер поралы

8 саны және цифры

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: 8 саны және цифры
Мақсаты: а) 8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
ә) балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту
б) бір - біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу
Қажетті құралдар: 0 - ден 8 - ге дейінгі сандар, текше, суреттер, слайд, жұмыс дәптері т. б
Билингвизм:

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!

- жылдың қай мезгілі?
- қыс мезгілінде неше ай бар?
- қазір қай ай?
- балалар, біз өткен оқу іс - әрекетте неше санымен таныстық?
- Бір аптада неше күн бар?
- 7 саны туралы тағы не білеміз?

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Ойын: «Кім шапшаң?»
1. Аспанда неше ай бар?
2. Бағдаршамда неше көз бар?
3. Қонжықтың табаны нешеу?
4. Адамда неше көз бар?
5. Қолғапта неше саусақ?
6. Қоянда қанша құлақ бар?
7. Аспанда қанша жұлдыз бар?

1) 1 - ден 7 - ге дейінгі сандарды тура, кері санау
2) сандардың құрамын табу
Жаңа сабақ
Логикалық жұмбақ
Төңкергенде өзгермейді қаласың таң
Айта қойшы білсең егер қай сан?
Логикалық сұрақ
Үйде бізде көп кісі
Мен олардан көп кіші
Апам, әкем, әжем
Атам мен бәрі неше кісі (5 кісі)
- 8 санына байланысты қандай мереке бар?
- 8 наурыз қандай мереке?
Дүниеде ең жақын адам, ол кім?
- 8 санына нелер ұқсайды?
Ой қозғау.
Анасы баласына компьютерге отыруға 9 минут уақыт берді. Кішкене уақыттан соң баласына анасы «балам бір минуттан соң тұрасың»- деді. Сонда баласы неше минут отырған? (8мин)
8 санының жазылуы. Құрамымен таныстыру.

Жазу орталығы: 8 санын бастырып жазады. Кітаптардың нөмірін жапсыру, шаршы емес, жолағы жоқ жалаушаны бояу.
Сергіту сәті:
Оңға қарай жүрейік 1, 2, 3
Солға қарай жүрейік 1, 2, 3
Құс боп қанат қағайық
Орнымызды табайық.
Оқу орталығы:
1 - топ: 8 санының құрамын табу. Суреттер бойынша өрнек құрастыру.
2 - топ: 8 санының құрамын табу. Кішкентай вагондар арқылы көрші сандарын табу,
3 - топ: 8 санының құрамын табу. Сандарды салыстыру
Сергіту сәті:
Еңбек орталығы:
1 - топ: Қарды ермексазбен мүсіндеп, жапсыру
2 - топ: Шананы бояп, әр баланың қасына орналастыру
3 - топ: Аққала құрастырып, жапсырмалау

Орал қаласы,
№ 44 мектеп - гимназиясының
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Балмуканова Айдана Турлановна
8 саны және цифры. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
  • sdana09
    Жазған: sdana09
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 282
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 282
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика