Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер ғаламшарының көрінісі

01 ақпан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Жаратылыстану пəні бойынша ҚМЖ "Жер ғаламшарының көрінісі" 1 сынып

Жаратылыстану 1 сынып
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
1. 4. 1. 1 Жердің пішінін білу және сипаттау
Ойлау деңгейлері
Бағалау критерийлері
Білу: Жердің пішінін, шар тәрізді екенін, глобус Жердің кішірейтілген үлгісі екенін біледі.
Түсіну: Жердің өздігінен айналатынын түсінеді.
Қолдану: Өзінің тұрғылықты жерін карта мен глобустан анықтай алады.

Тілдік мақсат:
Жер ғаламшарының орналасуы мен пішіні туралы талқылайды.

Лексика мен терминология:
Ғаламшар, глобус,

Диалогке қатысты тіркестер:
- Жер ғаламшарының пішіні қандай?
- Қай мемлекетте тұрамыз? т. б.

Білу деңгейінің тапсырмалары
«Жұмбақ шешейік»
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
(Жер)

Мекені көкте екі ару,
Бірін - бірі көруге зәру.
(Күн мен ай)

- Дұрыс айтасыңдар, балалар жұмбақтардың жауаптары: Жер, Күн, Ай.
Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жер. Жердің пішінін білу және сипаттау»
Оқушыларды 3 топқа бөлуге болады.
(«Жер», «Күн», «Ай»)

Мәтінмен жұмыс
Жердің тарихы
Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша, Жер осыдан төрт жарым миллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ - тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ - тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.
Жер туралы мәлімет.
Жер шамамен 4, 5 млрд. жыл бұрын пайда болған. Жер дегеніміз Күн жүйесіне кіретін 8 планетаның бірі. Сегіз планетаның ішінде Жерде ғана тіршілік бар. Жер - қатты, сұйық заттармен газдардан тұратын алып шар. Жер Күнге жақын 3 – ші ғаламшар.
Жер өз осін әрбір 23 сағ. 56 минутта, ал Күнді 365 күн 6 сағатта айналып шығады. Жер бетінің 3/4 бөлігін су, 1/4 бөлігін құрлық алып жатыр.
Глобус деп Жердің кішірейтілген моделін айтамыз.

«Л. Н. Толстой атындағы орта мектебі КММ
Мұғалімнің аты жөні: Избасарова. Г. Б.

Жер ғаламшарының көрінісі. жүктеу
5 350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жердің пішіні мен өлшемі
Жердің пішіні мен өлшемі
Оқушыларға Жер ғаламшары және оның пішіні мен өлшемі туралы түсіндіру.
Ай - жердің серігі
Ай - жердің серігі
Оқушылардың ойланту, қиялдату, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту. Отанын сүюге, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.
Жердің пішіні және өлшемі
Жердің пішіні және өлшемі
Жердің пішіні және өлшемі» тақырыбын 5 - сыныпта өткенімде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ.
Жердің құрылысы және құрамы
Жердің құрылысы және құрамы
Павлодар облысы, Ақсу қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебі География пәнінің мұғалімі Алиева Бакыт Абилкайыровна
Жер – шар тәрізді дене. Глобус – жердің дәл үлгісі
Жер – шар тәрізді дене. Глобус – жердің дәл үлгісі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сарсенова Сауле
Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы
Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы
Бастауыш сынып мұғалімі: Амантаева Ләззат Рахменияқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×